Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:19 25.7.2020

Тәжікстан билігі Covid-ті ауруханада жұқтырып қайтыс болған дәрігер жоқ деді

Тәжікстан денсаулық сақтау министрі Джамолиддин Абдуллозода
Тәжікстан денсаулық сақтау министрі Джамолиддин Абдуллозода

24 шілде күні Тәжікстан денсаулық сақтау министрі Джамолиддин Абдуллозода баспасөз мәслихатында коронавирусты ауруханада жұқтырып, салдарынан қайтыс болған дәрігер жоқ деп мәлімдеді.

"Жұмыс орнында науқастарды коронавирустан емдеу кезінде вирусты жұқтырып, артынан қайтыс болған дәрігер жоқ. Дәрігер Тәжікстанның қатардағы азаматы сияқты вирусты гигиенаны, санитарлық-эпидемиялық ережелерді сақтамағандықтан, көшеде, үйде және адам көп жерде жұқтырып алған болуы мүмкін" деді министр.

Джамолиддин Абдуллозода журналистердің Covid-ке қанша дәрігердің шалдыққаны жөніндегі сұрағына жауап бермеді. Ол бар болғаны "коронавирус науқастары емделіп жатқан медициналық мекемелерде дәрігердің коронавирустан қайтыс болуы тіркелмеген" деп мәлімдемесін қайталаумен шектелді.

Сондай-ақ министрдің сөзінше, Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы ғана "дәл және негізделген", ал кей сайттарда және әлеуметтік желілерде қайтыс болғандардың туыстары жинап жатқан деректер "расталмаған". "Өйткені зертханалық талдаусыз ешкім коронавирустың бар-жоғын айта алмайды" деді Абдуллозода.

Денсаулық сақтау министрі елде коронавирус ахуалы тұрақталғанын, бірақ індеттің екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты.

Азаттықтың тәжік қызметі – Озоди радиосы зерттеу жүргізіп, маусымның соңына дейін 152 адамның коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанын растай алды. Ресми дерек бойынша, 26 маусым күні елде Covid-тен 52 науқас қайтыс болған. Бұл журналистердің дерегіндегі көрсеткіштен үш есе төмен.

Зерттеушілер сондай-ақ коронавирустан өлген болуы мүмкін деген 442 адамның аты-жөнін жариялады. Ол мәліметке сәйкес, Тәжікстандағы Covid марқұмдарының 72-сі – медицина қызметкерлері, 67-сі – білім беру саласының қызметкерлері.

Мысалы, Хатлон облысында 26 медқызметкердің өлімі тіркелген. Ресми құжаттарда, олардың 24-і пневмониядан қайтыс болған деп көрсетілген. Тек екеуінде ғана коронавирустың бары расталған. 5 шілде күні Худжанд перзентханасының бас дәрігері қайтыс болды. Перзентханада коронавирус науқастарын емдеген. Бас дәрігердің өлімінен соң оны карантинге жауып тастаған.

Тәжікстанда Covid-тен өлгендердің ресми статистикасына кірмей қалған марқұмдардың көбіне "пневмония" (өкпенің қабынуы) диагнозы қойылған. Алайда сөйте тұра, ол науқастарды жедел түрде карантинге жіберген. Сондай-ақ, жергілікті басылымдарда коронавирус науқастары емделіп жатқан ауруханаларда жеке қорғаныс заттарының жетіспей жатқаны хабарланған.

Ресми дерек бойынша, Тәжікстанда коронавирус 7060 адамнан анықталған. Оның 58-і қайтыс болған.

15:18 24.7.2020

Қырғызстан халқының 0,5 пайызына вирус жұққан, билік ДДСҰ-мен бірігіп, есепке енбегендерді анықтайды

Өткен тәулікте Қырғызстанда 921 адамнан СOVID-19 табылған, 42 адам қайтыс болған. Бұл туралы 24 шілдеде денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Елде вирус жұқтырғандар 31 247 адамға жеткен. 18 038 адам жазылған, 1 211 адам қайтыс болған. Қырғызстан коронавирус инфекциясы жұққандар мен белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды бірге есептеп келеді.

Жұма күні денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус жұққан, бірақ ресми статистикаға енбей қалған адамдар санын анықтауға кіріскені белгілі болды. Бұл туралы министрлік мәліметіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Ауруханада кезек күтіп отырған тұрғындар. Бішкек, 6 шілде 2020 жыл.
Ауруханада кезек күтіп отырған тұрғындар. Бішкек, 6 шілде 2020 жыл.

Министрліктің өкілі Айнур Акматованың айтуынша, қазір елде 31 мыңнан астам адамға вирус жұққан. Бұл мемлекет халқының 0,5 пайызын құрайды.

"Зертханалық және клиникалық-эпидемиологиялық жолменен коронавирус бары анықталған адамдар саны жалпы халықтың 0,5 пайызын құрайды. Симптомсыз ауырып жатқандар да бар екені белгілі. Олар өзін жақсы сезінгендіктен медицина қызметкерлеріне жүгінген жоқ. Халықтың қаншасы ауырып, антидене қалыптастырғанын білу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге осындай зерттеулер жүргізіле бастады" делінген министрлік хабарламасында.

Зерттеу барысында жеке меншік зертханаларға жүгінгендердің иммуноферменттік анализінің жиынтығы жинақталып, аурудың қаншалықты тарағаны анықталады.

Бұған дейін Қырғызстанның бас пульмоногы денесі ысып, тұмаумен ауырып жатқандардың да COVID-ке шалдығуы мүмкін екенін айтқан еді. Алайда министрлік ресми статистикаға әдетте ауруханаға жатқызылғандар ғана енеді деген.

Бұған дейін науқастардың жақындары мен еріктілер ауруханаларда орын жоқ болғандықтан үйде өз бетінше емделіп жатқандар бар екені, олардың кейбірі ауруханаға жетпей қайтыс болып жатқанын Азаттыққа хабарлаған.

14:21 24.7.2020

COVID-пен күресіп көз жұмған медқызметкерге өтемақы төлеу ережесі "ескірген"

Қазақстан билігінің 9 сәуірде шығарған бұйрығында Covid-пен күресте коронавирус жұқтырған медқызметкерге 2 миллион теңге, қайтыс болса 10 миллион теңге өтемақы төленеді деп көрсетілген. Індет өршімей тұрғанда қабылданған бұл бұйрық қазір ескіріп, дертке шалдыққан мыңдаған медқызметкер өтемақысыз қалды. Толығырақ оқу үшін >>>

Коронавирустан қайтыс болғандардың зираты. Алматы облысы, Қараой ауылы маңы. 16 маусым 2020 жыл. Көрнекі сурет.
Коронавирустан қайтыс болғандардың зираты. Алматы облысы, Қараой ауылы маңы. 16 маусым 2020 жыл. Көрнекі сурет.

13:21 24.7.2020

Қырғызстанда бір күнде 921 адамнан СOVID-19 табылды, 42 адам қайтыс болды

Қырғызстан коронавирус инфекциясы жұққандар мен белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды бірге есептеп келеді. Алғашқысының коды - U07.1, екіншісінің коды - U07.2.

Өткен тәулікте Бішкекте - 273, Ошта – 75, Шу облысында – 140, Ош облысында – 91, Таласта – 25, Нарында – 22, Ыстықкөлде – 107, Жалалабадта – 138, Баткенде 50 адамнан вирус анықталған. Бір күнде 1247 адам ауруханадан жазылып шыққан. Эпидемия басталғалы бері барлығы 18 038 адам аурудан айыққан. Жалпы науқастар 31 247 адамға жеткен. 1211 адам қайтыс болған.

Бұған дейін The New York Times басылымы Қырғызстанның 100 адамға шаққанда адам өлімі саны жағынан осы аптада әлемде бірінші орынға шыққанын жазған.

Тағы

XS
SM
MD
LG