Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:41 10.7.2020

Шүкеев: Түркістан облысында пневмониядан 46 адам қайтыс болды

Коронавирус инфекциясына байланысты карантин кезінде жол бойындағы постта отырған медицина қызметкері. Түркістан облысы, 29 сәуір 2020 жыл. Көрнекі сурет.
Коронавирус инфекциясына байланысты карантин кезінде жол бойындағы постта отырған медицина қызметкері. Түркістан облысы, 29 сәуір 2020 жыл. Көрнекі сурет.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев өңірде пневмониядан ондаған адам қайтыс болып, мыңдаған адам ауырғанын айтты.

"Бүгінге дейін Түркістан облысында пневмониямен ауырғандар 5421 адамға жетті, оның 2933-і немесе 54 пайызы жазылды. Өкіншіке қарай, коронавирус инфекциясынан - 11, пневмониядан 46 адам қайтыс болды", - деді Шүкеев бейсенбі, 9 шілде күні брифингте.

Әкімнің сөзінше, облыстағы денсаулық сақтау саласында 17 мыңнан астам адам еңбек етеді. Осы уақытқа дейін 130-дан астам медицина қызметкеріне коронавирус жұққан.

"Облыс бойынша барлығы 132 медицина қызметкеріне жұқты, олардың 24-і жазылды. Өкінішке қарай, 5 дәрігер пневмониядан қайтыс болды", - деді Шүкеев.

21:27 9.7.2020

"Бір аптада 415 адам көз жұмған". Дәрігерлер пневмонияның өршуіне коронавирус себеп дейді

"Бір аптада 415 адам көз жұмған". Дәрігерлер пневмонияның өршуіне коронавирус себеп дейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:36 0:00

09:58 9.7.2020

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар 12 миллионнан асты, оның төрттен бірі АҚШ үлесінде

Қызыл Крест еріктісі маска таратып жатыр. Көрнекі сурет.
Қызыл Крест еріктісі маска таратып жатыр. Көрнекі сурет.

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 12 миллионнан асты. Оның төрттен бірі коронавирус індеті өршіп тұр АҚШ үлесінде. Елдің оңтүстігіндегі Флорида мен Техас штаттарында, батысында Аризона мен Калифорния штаттарында жағдай өте ауыр.

Алғаш рет былтыр желтоқсанда Қытайда анықталған коронавирус инфекциясынан ең қатты зардап шеккен ел – АҚШ. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде вирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асып, аурудан кемі 132 299 адам қайтыс болды.

COVID-19 індеті Бразилия мен Үндістанда да өршіп тұр. Біріншісінде 1,7 миллион адамның, екіншісінде 742 мың адамның коронавирус ауруына шалдыққаны анықталған.

Мексикада коронавирус бір тәулікте 6 995 адамнан анықталып, ауруға шалдыққандардың жалпы саны 275 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш бойынша Мексика Еуропаның індеттен ең қатты зардап шеккен елдерінің бірі Испаниядан озды. Елде COVID-19 инфекциясынан 32 796 адам қайтыс болған.

Австралияның ең ірі екінші қаласы Мельбурн 9 шілдеден бастап қайтадан карантинге жабылды. Бес миллион тұрғыны бар қалада карантин шектеулері бірнеше апта бұрын алынған. Бірақ қала билігі ахуалдың нашарлауына байланысты алты аптаға карантин енгізіп, тұрғындарды үйде отыуға шақырды.

АҚШ-тың Техас штатында ауруханалар науқас лық толы. Аризона штатының ауруханаларындағы интенсивті емдеу бөліміндегі орын саны 91 пайызға толған. Лон Анджелесте науқастардың ауруханаға түсуі кейінгі екі аптада 44 пайызға артқан.

Оклахома штатында да коронавирус індеті өршіп тұр. Қаланың денсаулық сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалары індеттің қарқын алуына ел президенті Дональд Трамптың штат территориясында жақтастарымен кездесуі үлес қосқан. Ақ үй басшысы 20 маусым күні штаттың Талса қаласында сайлауалды науқаны аясында қолдаушыларымен кездесу шарасын өткізген. Ел басшысы келгенге дейін вирус жұқтырғандар саны біртіндеп баялай бастаған Талсада кездесуден соң вирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткіштерге жеткен. Трамптың бірнеше мың жақтасы пандемия қаупін елеусіз қалдырып, жабық есік жағдайындағы шараға қатысқан. Трамп 3 қарашада өтетін президент сайлауына дайындық жүргізіп жатыр. Жеңсе, бұл оның екінші мерзімі болмақ.

Бірнеше штаттың басшылығы індеттің өршуін адамдардың маска тақпауынан, қашықтық сақтамауынан және қоғамдық орында көптеп жүруінен көріп отыр.

Трамп кәсіпорындарды қайта ашып, қалыпты өмірге келуге салмақ салып келеді. 8 шілде күні ол оқушылардың күзде мектептеріне оралуына шақырды да, АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу орталығын (Center for Disease Control and Prevention, CDC) тым қатаң әрі шығыны көп нұсқаулық шығарды деп сынады.

АҚШ вице президенті Майк Пенс CDC-тің жақын арада оқушылардың оқу орындарына оралуына мүмкіндік беретін жаңа хаттама шығаратынын, бірақ CDC хаттамаларының орындауға міндеттейтін күші жоғын айтты. АҚШ-та бастауыш және орта білімге штаттардың өздері жауапты, яғни мектепті ашу-ашпауды штат билігі шешеді.

08:55 9.7.2020

Бір күнде 2 мыңға жуық адамнан КВИ анықталды. Атырау облысы COVID-19 жұқтырғандар бойынша бірінші орынға шықты

COVID-19 ауруының бар-жоғын анықтайтын тестілеу орталығында кезекте тұрған адамдар. Алматы, Қазақстан, 8 шілде 2020 жыл.
COVID-19 ауруының бар-жоғын анықтайтын тестілеу орталығында кезекте тұрған адамдар. Алматы, Қазақстан, 8 шілде 2020 жыл.

8 шілде күні Қазақстанда 1962 адамнан COVID-19 инфекциясы табылған. Вирус анықталған 1209 адамда ауру белгілері байқалмаған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Инфекция жұқтырғандардың үштен бір бөлігі Атырау облысында тіркеліп отыр. Облыс кейінгі апталарда COVID-19 ауруына шалдыққандар бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Осыған дейін мұнайлы облыстағы кен орындарынан эпидемия ошағы анықталған болатын. Облыс вирусты жұқтырғандар бойынша кеше Нұр-Cұлтан қаласынан озса, бүгін көш басында тұрған Алматыдан озды. Өңірде барлығы 6814 адамнан КВИ табылған. Алматыда – 6678 адам, Нұр-Cұлтанда 6177 адам.

Қазақстанда барлығы 53021 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Өңірлер бойынша жағдай мынадай:

Атырау облысында - 6814 (+658 жаңадан қосылды),
Алматы қаласында - 6678(+177),
Нұр-Сұлтан қаласында -6177(+120),
Қарағанды облысында - 5670 (+150),
Шымкент қаласында - 3720(+61),
Батыс Қазақстан облысында - 3600 (+91),
Алматы облысында - 2831 (+81),
Шығыс Қазақстан облысында - 2426 (+113),
Түркістан облысында - 2079 (+28),
Ақтөбе облысында - 1939 (+89),
Жамбыл облысында - 1923 (+57),
Маңғыстау облысында - 1742 (+70),
Павлодар облысында - 1564 (+57),
Ақмола облысында - 1547 (+35),
Қызылорда облысында -1515 (+28),
Солтүстік Қазақстан облысында - 1482 (+36),
Қостанай облысында - 1314 (+111).

Өткен тәулікте COVID-19 ауруынан 988 адамның жазылып шыққаны тіркелген. Сонымен қатар кеше 3 маусым мен 8 шілде аралығында 17 221 мың адамның коронавирус ауруынан амбулаториялық емдеу арқылы жазылып шыққаны хабарланды. Бұл адамдар ауруханаға жатпай, үйінде жатып емделген.

COVID-19 ауруынан жазылғандардың жалпы саны – 35 137.

Тағы

XS
SM
MD
LG