Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

11:11 8.7.2020

АҚШ билігі ДДСҰ-дан шығатынын БҰҰ-ға ресми түрде хабарлады

АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

6 шілде күні Вашингтон БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришке АҚШ-тың тура бір жылдан соң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ресми түрде хабарлады.

АҚШ ДДСҰ-ның ең ірі доноры салады. Оның ұйым бюджетіндегі үлесі – 15 пайыз. Осыған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп ДДСҰ-ны бірнеше рет сөккен болатын. Трамптың сөзінше, ұйым Қытайда коронавирус инфекциясының тарауы жөнінде "сенімді деректерді" елеусіз қалдырған, ресми Пекиннің дегеніне көніп отырған және өте баяу әрекет жасаған.

Пандемия әлемдік экономиканың қарқынын дереу баяулатып, жұмыссыздықты күшейтіп жіберді. Жұмыссыздық қараша айында екінші рет президент сайлауына түскелі отырған Трамптың саясаттағы тағдырын анықтауы мүмкін. АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі жыл басында 3,5 пайыз болса, сәуірде 15 пайызға өскен.

Трамптың коронавирус эпидемиясының алдын алуға бағытталған шаралары қатты сынға ұшырады. АҚШ COVID-19 ­өлімі және жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында. Сыншылары Трамптың бар кінәні ДДСҰ-ға ысырғысы келетінін айтып отыр.

11:07 8.7.2020

Сербия астанасында карантинді қайта енгізуге тұрғындар қарсы

Белградта комендант сағатын қайта енгізу туралы биліктің бастамасына жұрт наразылық білдірді. Сербия, 7 шілде 2020 жыл.
Белградта комендант сағатын қайта енгізу туралы биліктің бастамасына жұрт наразылық білдірді. Сербия, 7 шілде 2020 жыл.

Наразы жұрт Сербия астанасы Белградтың орталығына жиналып, ел президенті Александр Вучичтің COVID-19 індетінің қарқын алуына байланысты карантин шектеулері қайта енгізіледі деген мәлімдемесіне қарсылық білдірді.

Қарсылық білдірушілер парламент ғимаратын басып алмақ болып, полициямен қақтығысып қалды. Полицейлер жиналғандарды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды.

Мыңнан астам адам қатысқан наразылық Вучичтің 7 шілдедегі мәлімдемесінен кейін басталды. Президент Белградтағы жағдайдың қиын екенін, 1,3 миллион тұрғыны бар қаланың ауруханалық бос орын жоқтың қасы екенін болатын.

Кейбір наразы тұрғындар үкіметтің коронавируспен күрес шараларын сынға алып, Вучичтің отставкаға кетуін талап етті. Өзгелері алау тұтатып, полицияға тас лақтырды.

Сербиядағы COVID-19 ахуалы 21 маусымдағы парламент сайлауынан бірнеше апта бұрын экономика “қайта ашқан” соң қатты ушыға бастады. Биліктің сыншылары Вучичті шектеулерді өзіне керек сайлауды өткізу үшін ғана босаңсытты деп айыптады. Сайлауда Вучич төрағалық ететін “Сербияның прогрессивті партиясы” мен оның коалициясы жеңіске жетті.

7 шілдедегі баспасөз мәслихатында Вучич сол күннен бастап бес адамнан артық жиналуға болмайтынын, үкіметке жағдайды қайта бағалау үшін демалыс күндеріне комендант сағатын енгізу туралы өтініш білдіретінін айтты.

“Жұма [10 шілде] кешкі 6-дан бастап дүйсенбі [13 шілде] таңғы 5­-ке дейінгі комендант сағатына дайын болыңыздар. Мен тіпті осы шараның бүкіл Сербияға қолданылғанын қалаймын. Бірақ қарулы күштер мен премьер-министр [Ана] Брнабик мені тыңдай ма, жоқ па, оны көре жатармыз” деді Вучич.

Басында Вучич ұсынған шектеулер ел астанасына ғана енгізіле ме, әлде бүкіл республикаға енгізіле ме деген түсініксіздік болды. Кейін ол қарулы күштердің екеуін де сұрайтынын айтты.

Президенттің сөзінше, шектеулердің қалай болатыны 8 шілде күні қарулы күштердің басшылығымен кездесуден кейін белгілі болатынын айтты.

7 шілдеде билік өкілдері кейінгі тәулікте Сербия астанасында 13 COVID-19 өлімі тіркелді деп айтқан болатын. Дәл сол тәулікте 299 адамнан коронавирус анықталған.

“Біз азаматтарды қорғауымыз керек. Сол себепті маған саяси реакцияға және наразылыққа бәрібір” деді Вучич. “Ашу-ыза дәрігерлерге емес, маған бағытталсын”.

Ресми дерек бойынша, елде коронавирустан 330 адам қайтыс болған. Елде коронавирус ел алғаш 6 наурызда анықталса, бүгінде вирус жұқтырғандар 16 719-ке жетті.

23 маусым күні теннистен әлемнің №1 ракеткасы серб Новак Джоковичтің де коронавирус жұқтырғаны хабарланған.

09:06 8.7.2020

КВИ жұқтырғандар ресми 50 мыңнан асты. Атырау облысы COVID-19 саны бойынша Нұр-Cұлтаннан озды

Адамдар COVID-19 ауруының бар-жоғын анықтайтын мобильді тестілеу орталығында кезекте тұр. Алматы, Қазақстан, 17 маусым 2020 жыл
Адамдар COVID-19 ауруының бар-жоғын анықтайтын мобильді тестілеу орталығында кезекте тұр. Алматы, Қазақстан, 17 маусым 2020 жыл

7 шілде күні COVID-19 Қазақстанда 1376 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 847 адамда ауру белгілері байқалмаған. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Өңірлер бойынша Атырау облысы қайтадан көш бастады. Бірнеше күн бойы тәулік сайын 300-ден аса вирус жұқтыру жағдайы тіркеліп келген Атырау облысында 6 шілде күні коронавирус тек 101 адамнан анықталған болатын. Бірақ кеше COVID-19 инфекциясы 264 адамнан табылған. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 6156-ге жеткен Атырау облысы, Нұр-Cұлтаннан (6057) озып, екінші орынға көтерілді. Республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ресми саны 51 059-ға жетті.

Аймақ бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласында - 6501 (+143 жаңадан қосылған),
  • Атырау облысында - 6156 (+264),
  • Нұр-Сұлтан қаласында - 6057 (+73),
  • Қарағанды облысында - 5520 (+184),
  • Шымкент қаласында - 3659 (+65),
  • Батыс Қазақстан облысында - 3509 (+86),
  • Алматы облысында - 2750 (+59),
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2313 (+135),
  • Түркістан облысында - 2051 (+10),
  • Жамбыл облысында - 1866 (+77),
  • Ақтөбе облысында - 1850 (+22),
  • Маңғыстау облысында - 1672 (+82),
  • Ақмола облысында - 1512 (+28),
  • Павлодар облысында - 1507 (+47),
  • Қызылорда облысында -1487 (+31),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1446 (+28),
  • Қостанай облысында - 1203 (+42).
19:23 7.7.2020

Министр "дәріханаларға дәрі түседі" деп уәде еткен. Азаттық тілшісі тексеріп көрді

Министр "дәріханаларға дәрі түседі" деп уәде еткен. Азаттық тілшісі тексеріп көрді
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:02 0:00

Тағы

XS
SM
MD
LG