Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:44 7.7.2020

Алматы әкімі: Күн сайын инфекциялық стационарларға жүзге жуық науқас түседі

Алматы көшесіндегі медициналық жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.
Алматы көшесіндегі медициналық жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.

Алматы қаласында күнделікті жүзге жуық адам COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы 6 шілде күні өткен онлайн брифингте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Оның сөзінше, Алматы стационарларындағы орын 85 пайызға толған (маусым айында Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 95 пайыз деген).

Сағынтаев биылғы 1 қыркүйекке дейін қалада стационарлардағы орын санын алты мыңға дейін көбейту жоспарланып отырғанын айтты. Оның сөзінше, қазір Алматыдағы 14 медицина мекемесінде барлығы 4232 орын бар. Бұған қоса билік қаланың шет жағындағы Halyk Arena спорт кешенінен де науқастарға орын дайындамақ.

Алматы қаласында күнделікті жүзге жуық адам COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы 6 шілде күні өткен онлайн брифингте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Оның сөзінше, Алматы стационарларындағы орын 85 пайызға толған (маусым айында Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 95 пайыз деген).

Сағынтаев биылғы 1 қыркүйекке дейін қалада стационарлардағы орын санын алты мыңға дейін көбейту жоспарланып отырғанын айтты. Оның сөзінше, қазір Алматыдағы 14 медицина мекемесінде барлығы 4232 орын бар. Бұған қоса билік қаланың шет жағындағы Halyk Arena спорт кешенінен де науқастарға орын дайындамақ.

Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы COVID-19 жұқтырғандар саны жағынан алда тұр. Биліктің мәліметінше, қалада осы уақытқа дейін 6101 адамнан коронавирус анықталған.

02:53 7.7.2020

Министрлік 30 маусым - 6 шілде арасында коронавирустан 76 адам қайтыс болғанын хабарлады

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі араға апта салып, елде коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады. Ресми дерекке сай, 30 маусым - 6 шілдеде елде 76 адам COVID-19 дертінен көз жұмған.

Қарағанды облысында — 24, Ақмола облысында — тоғыз, БҚО мен Атырау облысында — жеті, Маңғыстау облысында — бес, СҚО, Шымкент, Алматы қаласында — төрт, Алматы облысында - үш, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтанда — екі, Павлодар облысы, ШҚО, Қызылорда облысында - бір-бір адам коронавирустан қайтыс болған.

Марқұмдардың ең жасы 32-де, ең кәрісі - 88 жаста. Елде ресми дерек бойынша, 6 шілдеге дейін коронавирустан 264 адам көз жұмды.

2 шілдеде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде COVID-19 дертінен қайтыс болғандар саны аптасына бір рет жарияланады деп мәлімдеген. Кейбір сарапшылар министрліктің өлім-жітімді есептеу тәсілін сынап, бұл елдегі пандемия жағдайын нақты бағалауға кедергі келтіреді деген.

Билік вирус құрбандарының санын аптасына бір рет жарияламақ. Сарапшылар не дейді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

6 шілде, дүйсенбі елде демалыс болды. Бұл күні Қазақстан Астана күнін атап өтеді. Бұл мереке елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келеді. Президенттіктен кетсе де биліктің бір тармағын ұстап отырған Назарбаев биыл 80 жасқа толды. Сарапшылар бұл мереке елдегі жеке басқа табынудың бір көрсеткіші деп санайды.

Билік Астана күнін атап өтіп, Назарбаевты туған күнімен құттықтап жатқанда жұрт әлеуметтік желіде 6 шілдені COVID-19 құрбандарын еске алу күні деп жариялауды талап етті. Денсаулық сақтау министрлігі 76 адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған тұста Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай от шашу болып, оны мемлекеттік арна тікелей эфирге көрсетті.

5 шілдеден бастап елде екі апталық карантин жарияланған. Қазақстанда вирус жұқтырғандар 48 мыңнан асып кетті. Елде пневмония дерті де өршіп, мыңдаған адам осы аурумен ауырып жатыр. Жыл басынан бері елді 1772 адам пневмониядан қайтыс болған. Оның 628-і маусым айында көз жұмған. Пневмонияға шалдыққандардың біразының анализінен коронавирус табылмаса да, министрлік оларды COVID-19 хаттамасымен емдеп жатыр. Сарапшылардың көбі пневмонияның өсуіне де коронавирус әсер етті деп санайды.

17:21 6.7.2020

Париж Лувры төрт айға жуық карантиннен соң қайта ашылды

Лувр музейінің сыртқы көрінісі. Париж, Франция. Көрнекі сурет.
Лувр музейінің сыртқы көрінісі. Париж, Франция. Көрнекі сурет.

Париждегі әйгілі Лувр музейі 6 шілде күні қайта ашылды. Музей биыл наурызда коронавирус карантині кезінде уақытша жабылған болатын.

Әзірге музейдің ішінде бірқатар шектеу сақталады. Әкімшілік талабына сай, музейге келушілер міндетті түрде маска тағып жүруі тиіс. Бұған қоса музей залдарын аралаған кезде адам саны мен арақашықтығына байланысты қойылған қатаң талап бар. Әкімшілік музейдегі ең әйгілі мәдени мұра – Леонардо да Винчидің "Мона Лиза" ("Джоконда") портретін тамашалауға келген адамдардың бір жерге үймелемей, кезекпен баруын қадағалап отырмақ.

13 наурызда Лувр карантинге жабылғалы бері музей 40 миллион еуро кірістен қағылған. "Музей мемлекеттің меншігінде болғанына шүкір", - деп мәлімдеді музейдің директоры Жан-Люк Мартинес.

6 шілде күні Луврдың қасында туристік гидтердің наразылық акциялары өтті. Олар басқа талаптармен бірге, биліктің туризм саласында жұмыс істейтіндерге жәрдем танытуға жеткілікті көңіл бөлмей отырғанын да айтты.

Франция президенті Эммануль Макрон маусым айында коронавируспен күрестегі "алғашқы жеңіс" туралы мәлімдегеннен кейін індетке байланысты енгізілген шектеулер біртінден алына бастаған. Макронның әкімшілігінде карантин шектеуін босаңсыту шараларына жауапты міндет атқарған Жан Кастекс өткен аптада Франция үкіметінің жаңа басшысы болып тағайындалған. Оған дейін бұл қызметте 2017 жылдан бері отырған Эдуард Филипп өткен аптада отставкаға кеткен еді.

16:50 6.7.2020

Иранда бір күнде COVID-19 кесірінен болған ең көп адам өлімі тіркелді

Тегерандағы базарлардың біріндегі адамдар. Иран, 6 шілде 2020 жыл.
Тегерандағы базарлардың біріндегі адамдар. Иран, 6 шілде 2020 жыл.

Иранда коронавирус пандемиясы басталғалы бір тәулікте бұрын-соңды болмаған өлім көрсеткіші тіркелді. 5 шілде күні елде індет салдарынан 163 адам өлген. Бұған дейін ең жоғарғы көрсеткіш 29 маусымда тіркелген еді – 162 адам.

Иран денсаулық сақтау жүйесінің шенеуніктері жексенбі күні елде коронавирус жұқтырған 2560 адам анықталғаны туралы хабарлады. Иранда індет тарағалы бері, ресми мәлімет бойынша, жиынтығы 240 438 адамға вирус жұққан, 11 571 адам қайтыс болған.

Билік бұған дейін сәуірде енгізген бірқатар шектеуді алған соң, кейінгі күндері Иранда вирус жұқтырғандардың қайта көбейе бастағаны байқалып отыр.

Иран президенті Хасан Роухани 4 шілдеде азаматтардың мемлекеттік мекемелерге маскасыз кіруіне тыйым салынатынын мәлімдеген.

Тағы

XS
SM
MD
LG