Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:52 6.7.2020

Үндістан COVID-19 жұқтырғандар көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орынға шықты

Үндістанда мейманхана бөлмесіне дезинфекция жасап жүрген адам. Көрнекі сурет.
Үндістанда мейманхана бөлмесіне дезинфекция жасап жүрген адам. Көрнекі сурет.

Үндістан коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 697 мыңнан асты. Осылайша бұл ел қазір COVID-19 жұқтырғандар көрсеткіші бойынша дүниежүзінде АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орынға көтеріліп, Ресей төртінші орынға түсті.

Федералдық жедел ақпарат штабының мәліметі бойынша, 5 шілде күні Ресейде тағы 6611 адамнан коронавирус анықталған. Бұл соңғы екі айдағы тәулік ішінде анықталған науқас саны бойынша ең төменгі көрсеткіш. Өткен тәулікте елде коронавирус жұқтырғандардан 135 адам қайтыс болған. Індет тарағалы бері Ресейде COVID-19 кесірінен 10296 адам өлген.

14:41 6.7.2020

Белсенді Мамай биліктен карантин кезінде табыссыз қалғандарға жәрдем талап етті

Азаматтық белсенді, журналист Жанболат Мамай Тәуелсіздік ескерткіші жанында жалғыз адам пикетін өткізіп тұр. Алматы, 6 шілде 2020 жыл.
Азаматтық белсенді, журналист Жанболат Мамай Тәуелсіздік ескерткіші жанында жалғыз адам пикетін өткізіп тұр. Алматы, 6 шілде 2020 жыл.

Азаматтық белсенді, журналист Жанболат Мамай Тәуелсіздік ескерткіші жанында жалғыз адам пикетін өткізіп тұр. Алматы, 6 шілде 2020 жыл.

Азаматтық белсенді, журналист, "Демократиялық партия" құру туралы бастамашы топ жетекшісі Жанболат Мамай 6 шілде күні Алматының орталық алаңындағы Тәуелсіздік ескерткішінің алдында жалғыз адам пикетін өткізді. Бетіне маска тағып, қолына "Несие кешірілсін! Жер шетелдіктерге жалға берілмесін! Макс Боқаевқа бостандық!" деген жазу ұстаған белсенді пикетін жергілікті уақыт бойынша тура сағат 11-де бастады.

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы бастығының орынбасары Айдар Есенбеков Мамайға пикет өткізуіне жарты сағат уақыт берілгенін, тақырыптан ауытқымауын және коронавирус індетіне байланысты әлеуметтік арақашықтықты ұстануы тиіс екенін ескертті.

Мамай коронавирус инфекциясына байланысты тағы екі апта карантин жарияланған Қазақстанда миллиондаған қарапайым адам табыссыз, жұмыссыз қалғанын айтып, биліктен әр отбасына қаржылай көмек жасауды талап етті

- Билік ұлттық қорда 90 млрд доллар бар дейді, қазір қаншама адам табыссыз, күнкөріссіз қалды. Көбінің індет кезінде дәрі-дәрмек сатып алуға ақшасы жоқ. Үкіметтен әр отбасына жәрдем ретінде 200 мың теңге бөлуді талап етеміз. Және азаматтардың банктерден алған несиесі кешірілсін. Біздің қолымызда 20 мыңға жуық азаматтың арызы бар, бірде біреуі той тойлауға алмаған, өмір сүруге ақшасы болмағандықтан несие алған, - дейді белсенді.

Мамай 2016 жылы Қазақстанда халық наразылығынан кейін жер заңының даулы баптарына жарияланған мораторийдің мерзімі келесі жылы аяқталатынын еске салды.

- Билік осы карантинді пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге рұқсат беріп жібермеуі үшін ондайға тыйым салатын түзетуді заңға енгізсін, - деген талап қойды Мамай.

Ол төрт жыл бұрын осы мәселені көтеріп, Жер митингіне қатысқаны үшін бес жылға сотталған, қазір Ақтөбе түрмесінде жазасын өтеп жатқан атыраулық белсенді Макс Боқаевтың денсаулығына алаңдайтынын айтып, биліктен оны дереу босатуды талап етті.

- Сәрсенбі күні Макспен сөйлестім, ол бойында иіс, дәм сезбеу сияқты коронавирус инфекциясының барлық белгісі барын, бүкіл түрме ауырып жатқанын айтады. Қазақстан билігінен Боқаевты және басқа да саяси тұтқындарға дереу азаттық беруді талап етеміз, - деді Мамай.

Ол Макс Боқаевтың жағдайына алаңдаған АҚШ сенаторлары жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, тұтқынды босатуды сұрағандарын айтты.

Акцияның басталғанына жарты сағат өткенде Жанболат Мамай жалғыз адам пикетін аяқтап, үйіне кетті. Белсендінің акциясын өткен жерде арасында журналистер бар бірнеше адам болды. Ал әкімшілік өкілдері, полиция, жай киім киіп, бет-аузын тұмшалаған белгісіз азаматтар сырттай бақылап, пикет аяқталған соң тарады.

Қазақстанда биыл коронавирус пандемиясына кезінде жарияланған төтенше жағдай режимі кезінде қабылданған бейбіт жиындар туралы жаңа заң осыдан бір ай бұрын, 6 маусымда күшіне енген. Құқық қорғаушылар жаңа заң билікке ескертпей наразылыққа шыққандарға жазаны күшейтіп, азаматтардың митинг өткізу бостандығын шектейді деп сынаған.

14:01 6.7.2020

Азаттықтың Қырғыз қызметінің журналисі Бүбіқан Досалиева қайтыс болды

Журналист Бүбіқан Досалиева.
Журналист Бүбіқан Досалиева.

Бішкекте Азаттықтың Қырғыз қызметінің журналисі Бүбіқан Досалиева 62 жасында ауыр дерттен мезгілсіз қайтыс болды.

"Қырғыз мәдени қауымы, журналистикасы мен Азаттық радиосының ұжымы орны толмас қазаға ұшырады. Журналист Бүбіқан Досалиева 62 жасында тұтқиылдан келген індеттен дүниеден өтті" деп хабарлады әріптестері.

Бүбіқан Досалиева журналист, зерттеуші, педагог және саясаттанушы маман ретінде танылды. Ол 1995-2010 жылдар аралығында дәне 2017 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Азаттықтың Қырғыз қызметінде еңбек етті. Осы жылдар ішінде ол Азаттықтың Бішкектегі бюросында тілші, мультимедиа бөлімінің жетекшісі, бас редактор, радио бағдарламалары продюсері болып істеді.

1994 жылдан Шыңғы Айтматов атындағы халықаралық қоғамдық академияның мүшесі болды. Бүбіқан Досалиева Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық универститі мен Бішкек гуманитарлық университетіндегі журналистика кафедрасында дәріс оқып, көптеген журналистерді дайындауға үлес қосты.

13:33 6.7.2020

Қырғызстанда пневмониядан қайтыс болғандар 195 адамға жетті

COVID-19 жұқтырғандарға арналған аурухана. Бішкек, Қырғызстан.
COVID-19 жұқтырғандарға арналған аурухана. Бішкек, Қырғызстан.

Қырғызстанда өткен тәулікте 18 адам өкпе қабынуынан қайтыс болған, оның оны ел астанасында тіркелген. Бұл туралы коронавирус инфекциясы жөніндегі республикалық жедел штаб хабарлады.

Биылғы наурыздан бері Қырғызстанда пневмония дертіне шалдыққан және COVID-19 барын-жоғын анықтайтын тестілеу қорытындысында ауру белгісі байқалмаған 195 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бішкекте өкпе қабынуы диагнозымен жатқызылған науқастарға арнап 2062 орын дайындалған, оның 62-і – қарқынды терапия бөлімшесінде. Бұған қоса бұрынғы «Ганси» әскери базасы аумағында ашылған обсерваторда 600 орын бар.

Үкімет науқастарды COVID-19 жұқтырғандар мен пневмонияға шалдыққандар деп екі бөлек есепке алып отыр. Кейінгі бір тәулікте коронавирус инфекциясынан 4 адам қайтыс болған. Мамандар пневмония дертіне шалдыққандарды коронавирус жұқтырғандармен қосып қарастыру керек деп санайды.

Тағы

XS
SM
MD
LG