Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

11:54 28.6.2020

HRW: Ашғабат COVID-19 барын мойындамай, халық денсаулығына қауіп төндіріп отыр

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Түркіменстан елде коронавирус барын мойындамай, халық денсаулығына қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеді.

27 маусымда ұйым түркімен билігін елдегі індет туралы ақпаратты жинап, жариялауға, халықтың тестен өтуіне жағдай жасап, денсаулық сақтау саласы мамандарына қысым жасауды тоқтатуға шақырды.

Түркіменістан - елде коронавирус барын мойындамай отырған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі.

"COVID-19 туралы бар шындықты жасырған Түркіменстан үкіметі сәт сайын адамдардың өмірі мен денсаулығын қауіпке тігіп отыр. Билік ессіз әрекетін тоқтатып, денсаулық сақтау саласында шұғыл қажетті шара қолдану қажет" деді Human Rights Watch ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директорының орынбасары Рейчел Дэнбер.

Оқи отырыңыз: Түркімен "дәрігерлері елде COVID-19 індеті ушығып тұр" дейді. Билік вирустың жайылғанын терістеп әлек

11:38 28.6.2020

Қазақстанда коронавирустан тағы 7 адам қайтыс болды

Алматы облысында - 1942 жылғы ер адам, Қарағанды облысында - 1970, 1957, 1940 жылғы үш ер адам, Шымкент қаласында - 1972 жылғы ер адам, Ақтөбе облысында 1960, 1950 жылғы екі ер адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы 28 маусымда түс кезінде жедел штаб хабарлады.

Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы олар коронавирустан қайтыс болды деген шешім шығарған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 173 адам қайтыс болған:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 61,
  • Алматы қаласында - 26,
  • Шымкент қаласында - 14,
  • Ақмола облысында - 13,
  • Ақтөбе облысында - 3,
  • Алматы облысында - 1,
  • Атырау облысында - 3,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2,
  • Жамбыл облысында - 1,
  • Батыс Қазақстан облысында - 6,
  • Қарағанды облысында - 13,
  • Қостанай облысында - 3,
  • Қызылорда облысында - 2,
  • Маңғыстау облысында - 2,
  • Павлодар облысында - 13,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2,
  • Түркістан облысында - 8 адам қайтыс болған.

Елде коронавирус жұққан қайтыс болған ондаған адам өлімі ресми статистикаға енгізілмеген. Денсаулық сақтау министрлігі олардың "коронавирустан емес", "басқа аурудан" қайтыс болғанын айтады.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, вирус жұқтырғандар 36 мыңнан асқан. 12,7 мыңнан астам адам жазылған. Елде карантин шаралары жұмсарғаннан кейін індет өршіген. Осы аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды "вирус жылдам тарап жатқан елдер қатарына" қосты.

10:55 28.6.2020

Аятолла Хаменеи індет өрши берсе, Иран экономикасы тығырыққа тіреледі

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи коронавирус індеті өрши берсе, ел экономикасы тығырыққа тіреледі деп мәлімдеді. Ақпан айында ең алғаш рет коронавирусты тіркеген Иран COVID-19 індетінің тарауын тоқтата алмай отыр. Қазір елде негізгі емес бизнес нысандарының жұмысы тоқтаған, наурыз айында мектептер жабылып, қоғамдық шаралар кейінге шегерілген еді. Бірақ үкімет санкциядан зардап шеккен экономикасын жандандыру үшін сәуір айынан бастап біртіндеп шектеу шараларын ала бастаған.

Аятолла Әли Хаменеи.
Аятолла Әли Хаменеи.

"Коронавирустың салдарынан туындайтын экономикалық проблемалардың алдын алу үшін шара қолдану қажет. Егер немқұрайлық танытып, ауру кең тараса, экономикалық мәселелер де көбейеді" деді Аятолла Хаменеи 27 маусымда.

Иран пандемияға байланысты шекарасын жауып, уақытша карантин жариялап, мұнай емес өнімдерін экспорттауды тоқтатқаннан кейін ұлттық валютасы доллармен салыстырғанда құнсызданған.

2018 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп ядролық келісімнен шығып, Иранға санкция салғаннан кейін (негізінен мұнай және банк саласына бағытталды) ел экономикасы құлдыраған.

Соңғы мәлімет бойынша, Иранда 220 180 адамға вирус жұққан, 10 364 адам қайтыс болған, 180 661 адам жазылған.

07:37 28.6.2020

Қазақстанда бір күнде 1486 адамнан коронавирус табылды, 16 адам қайтыс болды

27 маусымда Қазақстанда 1486 адамнан коронавирус табылды: ауру белгісі байқалған - 461 науқас, ауру белгісі жоқ 1025 адам анықталған. Бір күнде 190 адам жазылып, 16 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 3 маусымнан бері коронавирус жұқтырғандарды ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек есептеп келеді. Ауру белгілері барын “ауырғандар”, жоғын “тасымалдаушы” деп атады. Билік соңғысын вирус жұқтырғандардың негізгі статистикасына кіргізбей отыр. Ал коронавирустың таралуын бақылап отырған әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары мен орталықтары биліктің ресми дерегіне сүйеніп, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың санын көрсетерде ауру белгісі жоқ жағдайларды ескермей отыр.

Қазақстанда симптомы жоқ "тасымалдаушыларды" қоса есептегенде 36 353 адамнан коронавирус анықталған. 20 780-і - "симптомы бар" науқас, 15 573-і - "симптомы жоқ" тасымалдаушы. Эпидемия басталғалы бері 12 738 адам жазылып шығып, 166 адам қайтыс болды.

Қазақстанда карантин шаралары алынғаннан кейін вирус жұқтырғандар саны еселеп артып, билік шектеу шараларын қайта күшейтуге мәжбүр болған. Көптеген қалалар мен облыстарда коронавирус жұққандарды емдейтін стационарлар толып, дәрігерлер тапшылығы байқалған. Бұған дейін кейбір аймақтарда пневмония өршігені хабарланған.

Билік елде тараған коронавирусты тоқтату үшін екінші апта қатарынан Алматы мен Нұр-Сұлтанда сенбі-жексенбіде "карантиндік демалыс" жариялады. Өзге аймақтарда да демалыс күндері шектеу күшейді.

Оқи отырыңыз: "Қазақстанда вирус тез тарап жатыр". Пневмония өршіп, ауруханада науқас көбейді

Тағы

XS
SM
MD
LG