Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

06:49 26.6.2020

Қазақстанда коронавирустан тағы 4 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан тағы төрт адам қайтыс болды. Ақмола облысында - 1971 жылғы ер адам, Алматыда - 1958 және 1977 жылғы әйел адамдар, сонымен бірге 1979 жылғы ер адам қайтыс болды. Бұл туралы 25 маусымда түнде коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 140 адам қайтыс болған. Нұр-Сұлтанда - 38, Алматыда - 26, Шымкент қаласы, Ақмола, Павлодар облыстарында 13 адам қайтыс болған.

Елде коронавирус жұққан қайтыс болған ондаған адам өлімі ресми статистикаға енгізілмеген. Денсаулық сақтау министрлігі олардың "коронавирустан емес", "басқа аурудан" қайтыс болғанын айтады.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, вирус жұқтырғандар 32 мыңға жақындады. Елде карантин шаралары жұмсарғаннан кейін індет өршіген.

20:22 25.6.2020

Вирус жұқтырғандар қандай ауруханада жатыр? Азаттық тілшісі аралап көрді

Нұр-Сұлтан іргесінде жаңа салынған жұқпалы аурулар орталығында COVID-19 жұқтырып, ауыр халде жатқандар бар. Арнайы аппаратқа жалғанғандардың кейбірі ес-түссіз. Азаттық тілшілері орталық ішіне кіріп, палаталарды аралап шықты. 200 адамға арналған аруханада 400-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.​

Вирус жұқтырғандар қандай ауруханада жатыр? Азаттық тілшісі аралап көрді
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:12 0:00

17:46 25.6.2020

Елде індет ұшыққан тұста денсаулық сақтау министрі ауысты. Біртанов "өз арысымен" қызметінен кетті

Алексей Цой
Алексей Цой

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алексей Цой денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Ал Елжан Біртанов бұл қызметтен босатылды.

Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті Цойдың министр болып тағайындалғанын мақұлдады.

Елде денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясы күшейген тұста ауысты. Осыған дейін Біртановтың да коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Біртанов Facebook парақшасына "дерттен емделуі керегін" айтып, Тоқаевқа өзі қызметтен босату туралы арыз бергенін жазды.

Біртанов елде мамырдың соңында коронавирус жұқтырғандар бес мыңнан асады деген. Бірақ елде маусымның басында вирус жұқтырғандар күрт өсіп, қазір 32 мыңға жуықтады. Коронавирустан 134 адам қайтыс болды.

Елдегі ауруханаларда орын тапшы. Анализ тапсыра алмай жүрген жұрттың қарасы да көп. Биліктің мәліметінше, Алматы мен Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруханалардың 90 пайызы толған. Министрлік вирус өршіген тұста жоспарланған операцияларды, басқа дертке шалд

16:14 25.6.2020

АҚШ-та бір күнде анықталған науқастар саны рекордтық көрсеткішке жетті

24 маусымда АҚШ-та 34 700 адамнан коронавирус табылды. Бұл сәуір айының соңынан бері бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Бұл коронавирус тестінен өтушілердің күрт артуымен байланысты болғанмен ресми тұлғалар жағдайға алаңдап отыр. Олардың айтуынша, соңғы бір айдан астам уақыт ішінде науқастар санының азаюы ғана байқалған.

Техас штатының губернаторы адамдарды үйден шықпауға шақырып, штатта "жаппай індет" тарап жатқанын ескертті. Аризона штатының губернаторы адамдарды маска тағуға үндеді. 24 маусымда Калифорния штатында бір тәулік ішінде 7 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. Ал Флорида штатында бір күнде 5,5 мың адамнан коронавирус анықталды. Бұл соңғы аптағы орташа көрсеткіштен 25 пайызға артық.

АҚШ-та COVID-19 ауруынан 120 мыңнан астам адам қайтыс болған, бұл әлем бойынша коронавируспен байланысты адам өлімі көрсеткішінің төрттен бірін құрайды.

Латын Америкадағы ең ірі ел - Бразилияда да бір күнде 42 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. 1185 адам өлімі тіркелген.

Ұлыбританияның денсаулық қауымдастығы елде карантин шараларын жұмсартқан премьер-министрге үндеу жолдап, індеттің екінші толқыны болуы мүмкін деп ескертті.

Тағы

XS
SM
MD
LG