Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

15:43 25.6.2020

Парижде Эйфель мұнарасы ашылды

25 маусымда Парижде Эйфель мұнарасы ашылды. Франция астанасындағы ең көрнекті орындардың бірі наурыз айының ортасында коронавирус індетіне байланысты жабылып қалған болатын.

Мұнараны көргісі келген адамдар енді оған маска тағып кіруі тиіс. Туристер арасында арақашықтық сақталуы керек. Лифт әзірге істемегендіктен жоғары жаққа баспалдақпен шығуға болады. Мұнараның бірінші және екінші қабаты ғана ашық. Ол жаққа 30 минутта шығуға болады. Ең соңғы - үшінші қабат жабық.

Әзірге белгілі мәлімет бойынша, Эйфель мұнарасындағы лифт 1 шілдеден бастап жұмыс істейді. Мұнараның үшінші қабаты шілде айының соңында ашылуы мүмкін.

Қазір екінші қабаттағы Jules Verne мейрамханасы жұмыс істеп тұрған жоқ. Қоғамдық тамақтану орны 30 маусымда ашылады деп айтылады. Қонақтарды тек алдын ала жазылу бойынша ғана қабылдайды. Орындар саны да шектеулі.

Францияның ақпарат құралдарының жазуынша, Эйфель мұнарасы жабық тұрған кезде мұнара әкімшілігі ай сайын 9 млн еуро шығанға батқан.

Коронавирус індеті басталғалы бері Францияда 160 мыңнан астам адамға вирус жұққан. Шамамен 30 мың адам қайтыс болған.

13:37 25.6.2020

Нұр-Cұлтан жедел жәрдеміне бір аптада 28 мың өтініш түсіп, оның 18 мыңына қызмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметіне соңғы аптада 28 мың қоңырау шалынып, оның тек 18 мыңы бойынша қызмет көрсетілді. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова мәлімдеді.

“Соңғы тәулікте жедел жәрдем қызметіне жүктеме артты. Аптасына тұрғындардан 28 мың өтініш келіп түскен. Қызмет көрсетілген шақырулыр саны 18 мыңға жуықтады» деді Қисықова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Қисықованың айтуынша, 24 маусым күні жедел жәрдем қызметі 4,5 мың өтініш тіркеп, оның тек 2,8 мыңы бойынша қызмет көрсете алған. Өтініштердің 1300-і коронавирус инфекциясы жөнінде болған.

Басқарма жетекшісі қазір қалада 150 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

COVID-19 індеті Қазақстанға келгелі Нұр-Сұлтан қаласында 4730 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру белгілері оның 3484-інде бар, 1246-сында жоқ.

Қазақстан билігі 3 маусымнан бастап коронавирус жұқтырғандарды ауру белгілерінің бар-жоғына байланысты "ауырғандар" және "тасымалдаушылар" деп екі бөлек есеп жүргізіп келеді.

13:33 25.6.2020

Сәуле Қисықова: Астанада күніне 600 жуық адам пневмонияға шалдығады. Бұрын 80 адамнан аспайтын

Нұр-Сұлтанда осы күндері тәулігіне 600-ге жуық адам пневмонияға шалдығып жатыр. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова мәлімдеді.

“Пневмониямен ауыратындар саны тәулігіне 600 жағдайға дейін өсті. Бұрын 80 жағдайға дейін ғана болатын. Аптасына 8,5 есеге дейін жоғарылау байқалып отыр” деді Қисықова орталық коммуникациялық қызметіндегі брифингте.

Басқарма жетекшісінің айтуынша, коронавирус инфекциясымен және пневмониямен күн сайын 350-400 адам ауруханаға жатқызылады.

COVID-19 індеті Қазақстанға келгелі Нұр-Сұлтан қаласында 4730 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазақстан билігі 3 маусымнан бастап коронавирус жұқтырғандарды ауру белгілерінің бар-жоғына байланысты "ауырғандар" және "тасымалдаушылар" деп екі бөлек есеп жүргізіп келеді. Ел астанасында вирус жұқтырғандардың 3484-інде ауру белгілері бар, 1246-сы симптомсыз.

Вирус жұқтырғандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі “Олимп”, Invivo, “МПК” жекеменшік зертханалары сұраныстың жоғарылауына байланысты ПТР талдауын жүргізуді уақытша тоқтататынын мәлімдеген. Ал тұрғындар коронавируске анализ тапсыру жөнінде қиындықтар барын айтып, шағымданды.

Ресми дерек бойынша, Нұр-Cұлтанда 2577 адам коронавирустен жазылып шыққан.

Сәуле Қисықованың айтуынша, қала ауруханаларында коронавируспен және пневмониямен ауырған 2500 адам емделіп жатыр. Олардың 91 пайызы орташа, 9 пайыз ауыр жағдайда. Дәл қазір реанимация бөлімдерінде 103 адам жатыр, оның 55-сі коронавирус инфекциясын жұқтырған. Коронавирус жұқтырғандардың 22-сі жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қалада коронавирустан 38 адам қайтыс болған. Қисықова олардың 70 пайызы 60 жастан асқан кісілер деді.

09:15 25.6.2020

Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында блокбекеттерді қайта орнатты

Маңғыстау облысында карантин шаралары қайта күшейді. Жаңаөзен мен Ақтау қалалары арасына блокбекеттер қайта қойылды деп хабарлады жергілікті БАҚ. Бұған қоса, Қарақия ауданы, Рахат, Теңге, Қызылсай, Сенек, Бостан, Құланды, Болашақ ауылдарында 13 шілдеге дейін шектеу шаралары енгізілген.

Тағы

XS
SM
MD
LG