Алматының "Кенжехан" базарының бұрынғы иесі активін қайтарудан үмітін үзе бастаған. Ол базар әлі Әнипа Назарбаеваның ықпалында және қазіргі иесі экс-президент әулетімен аффилирленген тұлға деп санайды. Бірақ мұны базардың жаңа иесі жоққа шығарып отыр.