Accessibility links

Қырғыз президенті 30 қарашаға кезектен тыс парламент сайлауын белгіледі


Қырғызстан президенті 2025 жылғы 30 қарашаға кезектен тыс парламент сайлауын белгіледі.

Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияға науқанды ұйымдастыру, қашықтан дауыс беруді қолдану туралы бұйрық берілді.

Жогорку Кенештің қазіргі құрамын таратуды 32 депутат ұсынған. 25 қыркүйек күні парламент осы ұсынысты қолдайтын қаулы шығарды. Бастама көтерушілер бұл шешімін түсіндірерде сайлау науқандарының қатар келуін алдын алғысы келгенін айтты. Кезекті парламент сайлауы 2026 жылғы қарашада өтуі керек еді. Ал 2027 жылғы қаңтарда президент сайлауы өтпек.

Аталған депутаттар екі сайлаудың бір уақытта өтуі билік тармақтарының тұрақтылығына теріс әсер етіп, адами және материалдық ресурсты көп қажет етеді деді.

2025 жылғы маусымда Жапаров сайлау туралы заңға өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойған. Жаңа заң бойынша елде 30 бірмандатты сайлау округі болады да, әрбір округтен үш депутаттан сайланады. Сөйтіп парламентте бұрынғыша 90 депутат болады.

XS
SM
MD
LG