Навальный үміткерлікке ұсынылды
24 желтоқсан күні Ресей қалаларында өткен сайлаушылар жиынында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 2018 жылы өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Мәскеудегі жиында оның кандидаттығын қолдаған бастамашыл топтың дауысы 700-ден асты. Бұл шараға Орталық сайлау комиссиясының да ресми өкілдері қатысты. Алексей Навальный кандидатурасын Орталық сайлау комиссиясы тіркемейтін болса, сайлауға бойкот жариялауға шақырды. 24 желтоқсан, 2017 жыл.