Ережесіз жекпе-жек шебері, 23 жастағы Зәмзагүл Файзолланова 8 айда үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Бұл спорттағы жалғыз қазақ қызы рингке Бопай деген бүркеншік атпен шығады.
Өзбекстанда ол елдегі қазақ мәдени орталығының ұйымдастыруымен ақындар айтысы өтті. Айтысқа Қазақстаннан 10 ақын, Өзбекстаннан 5 ақын қатысты. Бас жүлдені қазақстандық Жарқынбек Наушабеков иеленді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев мектепте оқытылатын кей пәндерді біріктіру туралы ұсыныс айтты. Азаттық мектеп мұғалімдерінің бұл жайлы пікірін білді.
Алматыда бүгін 30 шақты белсенді жер сатуға қарсы акция өткізді. Олар үкіметке мамырдың 21-і күні жер сатуға қарсы митинг өткізуге рұқсат сұрайтынын, рұқсат етілмесе мамырдың 31-і - сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні жалпыхалықтық ереуілге шығатындарын ескертті.
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округі Көкдала ауылының бір топ тұрғыны «жайылымдық жер жоқ» деген шағым айтады. Олардың сөзінше, «тұрғындарға тиесілі жерлерді әкім-қаралар бөліп алған».
Қала орталығындағы ондаған отбасы ауыз суды даладан тасып ішіп отыр. Алматы, 7 сәуір 2016 жыл.
Алматыда музыка зерттеушісі күйші, жазушы Таласбек Әсемқұловты еске алу кеші болып өтті.
ІІМ өкілі «тығылып тұрып көлік тоқтататын полицейлер жазаланатынын» мәлімдеді. Бірақ көліктерді жасырынып тұрып аңдитын полицейлер әлі де бар.