Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Ашраф Ғани Назарбаев университеті студенттерінің алдында сөз сөйледі. Астана, 20 қараша 2015 жыл
«Араздық тудыру» бабымен қамауда отырған үш азаматтың - Болатбек Біләлов, Ермек Нарымбаев және Серікжан Мәмбетәлиндердің жағдайына алаңдаған белсенділер мен туыстары билікті «174-бапты талқылауға шақырып» тарасты.
Астанада жол құрылысы саласындағы компаниялардың «Kaztraffic-2015» халықаралық көрмесі өтіп жатыр.
Оралда үш күнде бір айлық жаңбыр жауды. Кейбір көшелерді су басып, көлік жүре алмай қалды. Биліктің дерегінше, жиналған суды 16 машина тазартып жатыр.
«Жас Алаш» газеті «бұл басылым абыройым мен ар-намысымды қаралады» деп сотқа берген «Жас-Ай» медицина орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлына қарсы шағымданды.
Астанада бір топ жұмысшы еңбекақы төлеміне байланысты шеруге рұқсат етпеген қала әкімдігін сотқа берді.
Азаттық тілшісі астаналықтарға "Елде қандай ұйымдар террорлық деп танылған?" деген сұрақ қойды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстан президентін исламшыл экстремизммен күресі үшін мақтап, бірақ терроризмнің демократия мен өзгеше ойлауды қыспаққа алуға негіз болмау керектігін айтып кетті.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қарашаның 1-і кешкісін Қазақстанға келді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ екі ел арасындағы әріптестік жайын сөз етті.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Қосмұратовпен онлайн-конференция тақырыбы алқабилерге және сот жүйесіне арналды.
Ауылшаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайтадан өндіру департаментінің сарапшысы Сағынтай Жұмажанов қазіргі кезде Қазақстанда жеміс-жидек пен қант қызылшасынан басқа ауылшаруашылығы дақылдары ішкі сұранысты өтеуге жетеді дейді.
Парламент мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Астанада бұрын саяжай болған маңдағы үйлерді қиратып жатыр. Қала билігі ол жерге «ҚазМұнайГаз» компаниясы қызметкерлерінің балаларына арналған балабақша салмақ. Бірақ жер мен үй иелері өтемақы аз екенін айтып наразылық білдіреді.
Астанада Сириядағы қақтығысқа қатысты топтардың өз ішіндегі келіссөзінің екінші кезеңі басталды.
Қазақстан парламенті депутаты Мейрам Бегентаев үкіметтік емес ұйымдар және волонтерлік қызмет туралы заң жобалары жайлы айтты.
Құрбан айт күні Астанадағы Әзірет сұлтан мешітінде оқылған айт намазына халық көп жиналды.
Азаттық сенбі күні «Қазақ елі» алаңындағы мерекелік шарадан тікелей трансляция жүргізді.
Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау шарасы басталды.
Бензин бағасы өскеннен кейін Азаттық тілшісі базардағы баға туралы Астана тұрғындарынан сұрастырып көрді.
Тағы