Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Маусымның 24-і күні үйін сүруге қарсылық білдіріп, оған бола берілген өтемақыға көңілі толмай өзін-өзі жармақ болған Әділбек Мейрамовқа үш бөлмелі пәтер берілді. Астана, 14 шілде 2016 жыл.
AzattyqLIVE үкімет жанынан құрылған жер комиссиясының жұмысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен талқылады.
Астанадағы "Ата-Кент" тұрғын үй кешенінің үлескері Ольга Цветкова үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды. Цветкованың айтуынша, ол екі жыл бұрын Көктал шағын ауданында жаңа салынып жатқан үйден пәтер алу үшін 9 миллион теңге берген.
AzattyqLIVE 1916 жылғы көтерілістің тарихи шындығы мен көркем әдебиеттегі көрінісін талқылады. Хабар қонағы жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай болды.
AzattyqLIVE хабары «Қазақстандағы діни радикализмнің бетін қалай қайтаруға болады?» деген сауалды теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаймен талқылады.
Астана билігі «Ударный» бау-бақша серіктестігіндегі Толқын Ержігітованы кәмелетке толмаған үш баласымен бірге баспанасынан шығармақ.
"Діни радикалдар" деп сипатталған полиция мен әскерге шабуылдаушылардың туыстары және оқиға куәгерлері Азаттық тілшісіне полициямен атыстың жай-жапсарын баяндады.
Ақтөбедегі атыстан соң Қазақстанда 40 күнге террорлық қатердің «сары деңгейі» жарияланып, SMS-хабарламалар таратылып, БАҚ арқылы ескертпелер жасалды.
Азаттық тілшілері мәжіліс депутаттарынан 5 маусым күні Ақтөбедегі болған полиция мен белгісіз топтың арасындағы атыс жайында сұрап көрді. Астана, 6 маусым 2016 жыл.
Қазақстанда жер реформасына қатысты митингілерді шымкенттік бизнесмен, қамауда отырған Тоқтар Төлешовтің "қаржыландырғаны хабарланды".
Успен кафедралды соборы жанындағы рухани-мәдени орталықта православ әуендерін айтатын хорлардың бүкілқазақстандық фестивалі бірінші рет өтіп жатыр. Қазақстан православ шіркеуі ұйымдастырған шараға төрелік етуге ресейлік өнерпаздар да шақырылған.
Күн жылып, жер құрғағанда жол-потрульдік полициясының кавалериялық взводы қызметін бастайды. Салт атты тәртіп сақшылары Астананың шетіндегі көлік өтуі қиын жолсыз аймақтарда жұмыс істейді.
Астанада таңғы сағат 10:30 кезінде "Бәйтерек" монументі маңына келген адамдарды полиция ұстап әкетті.
Астана тұрғыны 55 жастағы Асан Темірбаевтың үйі қираған соң алты шаршы метр тар қорада тіршілік кешіп жатқанына төрт жыл болған.
Мәжіліс депутаттарының көмекшілері олар «түсіндірме жұмыстарын» жүргізу үшін аймақтарға кеткенін айтады.
Ішкі істер министрлігі көші-қон департаментінің аға инспекторы Нұрғали Рыстанов Қазақстан Үкіметінің №190 қаулысы бойынша Еуразия экономикалық одағына мүше елдерден келген еңбек мигранттарына арналған жеңілдіктер туралы айтып берді.
Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Самат Сәрсенов біраз жұртты наразы еткен мәселені – жерді сату және шетелдіктерге жалға беру жайын түсіндірді. Ол елдегі жерге қатысты өтіп жатқан митингілерді де сөз етті.
Астанада өздерін «Алаш жолы» қозғалысы деп таныстыратын белсенділер бүгін сағат 11-де «Ақжайық» қонақ үйінде маңызды мәлімдеме жасайтынын алдын ала хабарлаған еді. Бірақ, жоспарлы баспасөз мәслихаты өтпей қалды. Шараның неге өтпей қалғаны туралы "Алаш жолы" қозғалысының мүшесі Амандық Дәулетбайұлыны
Астанада тұратын апалы-сіңлілі егде адамдар баспаналарынан айырылғалы отыр. Олардың 9 жыл түрған саяжайдағы үйлері қазір қаланың ортасында қалды. Астана соты қаланы кеңейту үшін алты сотық жерді алу туралы шешім шығарған.
Әлеуметтік желілерде "жер мәселесіне келгенде неге үнсіз қалды?" деп көп сыналатын мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның жауабы.
Тағы