АҚШ мемлекеттік департаменті 2020 жылдың Адам құқықтары жөніндегі есебін жариялады. Әлем елдеріндегі ахуалды саралайтын бұл құжатта Қазақстан да қамтылған. Онда конституцияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтардың бір жыл ішінде қалай бұзылғаны сипатталған.
Қазақстанда саяси белсенділер президент пен парламент палаталары спикерлерін сотқа берді; Кәсіпкерлер "Еуротранзит" компаниясының көліктері Қорғас кеден бекетінен кезексіз өтеді деп наразылық білдірді. Олар атаған компания құжатында Дариға Назарбаева мен "күйеуінің" аты жүр.
Қытайдағы туыстарын іздегендердің консулдық алдындағы акциясына 50 күн болды. Пекин шетелдік құқық қорғаушыларды Шыңжаңда қабылдауға дайын екенін мәлімдеді; Өзбекстанда блогер соққыға жығылды. Ол Қылмыстық кодекстен гейлерді жазалайтын бапты алып тастауды талап етіп жүрген.
Түркіменстанның оңтүстік-шығысында полиция салдыр-салақ, ескі киінген адамдарды жаппай ұстай бастады. Билік өкілдері ұсталғандардың кейбірін мемлекеттік фермаларға тегін жұмыс істеуге жіберген.
Жанболат Мамай мен Мұхтар Әблязов шақырған митинг алдында полиция кейбір белсендінің үйіне барған; Қытай компаниясы Ақтөбеде мұнайшылардың талабын орындауға мәжбүр болды; Қытай Ұлыбританияның лауазымды тұлғаларына санкция салды. Себеп тағы да Шыңжаңдағы ахуал.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жаппай жұмыссыздықпен күрес жоспарының аясында кәсіпкерлерден жастарға көп жұмыс орнын ашуды талап етті. Кәсіпкерлер бұл талапты орындау қиын дейді.
Совет билігі Голодоморды фотоға түсіруге тыйым салған. Украинада қолдан ұйымдастырылған аштыққа дәлел болатын суреттер сирек, бірақ бар. Канаданың Торонто қаласындағы Голодоморды зерттеу бойынша ғылыми орталық сондай жүздей суретті жинап, Holodomor Photo Directory сайтына жариялады.
Солтүстік Корея тағы да зымыранын сынап, айбат шекті. Ресейде абақтыда отырған оппозиционер Алексей Навальный денсаулығына байланысты шағымданды. Жапония олимпиада алауын жақты.
Шығыс Қазақстанда депутат Тарбағатай ауданын екіге бөліп, біріне Назарбаевтың атын беруді ұсынды; Шымкент әкімдігі наурызды тойлауға 565 миллион теңге бөлген; Жер комиссиясы жұмысын бастады. Оның құрамына жер сатуға қарсы митингілерді басқарған белсенділер кірмеген.
2020 жылғы 12 қарашада Минскіде белсенді Роман Бондаренконы полицейлер ұрып-соғып, мәшинеге салып алып кетті. Кейін ол есін жимастан көз жұмды. Лукашенко «ол мас болған, әлдекімдермен төбелескен» дейді. Бірақ журналистер мен белсенділер Беларусьтегі мемлекеттік пропаганданың өтірігін әшкереледі.
Еуропа одағы мен Қытай біріне бірі санкция салды. Батыс елдері Шыңжаңдағы саяси қуғын-сүргінге байланысты Пекинді "адам құқығын аяққа таптады" деп кінәласа, Қытай Брюссельді "демократияны желеу етіп ішкі ісімізге араласты" деп айыптап отыр. "Санкциялар алмасудың" соңы не болмақ?
Еуропа одағы Шыңжаңдағы мұсылмандардың құқығын бұзып, қысым жасап жатқаны үшін Қытайға санкция салды. Бұл бастамаға АҚШ, Ұлыбритания және Канада да қосылды. Батыс елдері кімдерге шектеу енгізді? Пекиннің жауабы қандай болды?
Қазақ мемлекеттік телерадиосы түсірген "Көктем мерекесі" фильмінде 1989 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында өткен Наурыз мейрамы көрсетілген.
Шадраға тыйым салғанымен, ол қайтып орала берді. Неге? Неліктен пәренжіні жерге таптады, ал кейде үстінен жамау жамады? Яшмакты неге тіспен тістеп тұру керек? Бөрікпен паспортқа түсуге бола ма, оларды бір-бірінен қалай ажыратамыз?
Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттіктен кеткеніне екі жыл болды. Не өзгерді? Қытай консулдығы алдындағы наразылыққа 40 күн; АҚШ пен Қытай билігінің өкілдері Аляскада кездесіп жатыр.
Тағы