Женевада АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин кездесіп жатыр. Қазақстанда әділ сот жоқ деген наразылар Жоғарғы сот ғимаратына түнеп шығып, таң ата наразылық білдірді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кету-кетпеуін журналистер неге сұрай берді?
Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда жыл басынан бері 84 жасөспірім өз-өзіне қол салып мерт болса, тағы 164-і суицид жасауға оқталған. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда биыл көрсеткіш 15 пайызға көбейген.
Оппозиция белсендісі Жанболат Мамай сотта "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектен жеңілді. Бірақ "сот үкімін орындамаймын" дейді; Степногорск әкімдігі улы қалдықты жоятын зауыт жобасынан бас тартқаны хабарланды.
Қазақстанда саяси жүйені өзгертуді талап етіп жүрген белсенділердің істі болып жатқанына байланысты бір топ адам АҚШ елшілігі алдына барып, наразылық білдірді; Степногорск тұрғындары зиянды қалдықтарды жоятын зауыттың дәл қала іргесіне салынуына қарсы; Брюсселде НАТО жетекшілері бас қосты.
АҚШ әскерін әкеткенімен Ауғанстанның өзін жалғыз қалдырмайды деді АҚШ-тың Ауғанстандағы бейбітшілік пен келісім бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад Нұр-Сұлтанға сапарында. Өкілдің сөзінше, Ауғанстанда бейбітшілік орнағанына Қазақстан да мүдделі.
"Қырғи қабақ соғыстан" соң басталған ядролық қару-жарақты қысқарту процесі тұралап қалған сыңайлы" дейді Швецияның SIRPI ғылыми-зерттеу институты. Сарапшылардың айтуынша, әлемдегі жойқын қарудың басым бөлігіне ие Ресей мен АҚШ өз қорғаныс саясатында ядролық қаруға көп көңіл бөлетін болған.
Белгілі сәулетші, дизайнер, материалды мәдениет тарихшысы Алмас Ордабаев Азаттыққа берген сұхбатында қазіргі Қазақстандағы сәулет өнері, қала құрылысы, мәдени құндылықтар және өзге де мәселелер жайлы ойын айтты.
Биыл сәуір және мамырда коронавирустың "жанама әсерінен" 343 адам көз жұмды. Бұл туралы Азаттық сауалына жауап берген Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қазақстанда мұндай диагнозбен қайтыс болғандар коронавирус жұқтырып көз жұмғандардың статистикасына қосылмайды.
Қазақстанда сот үкімдерін әділетсіз деп есептейтін ондаған адам астанада АҚШ елшілігіне барып, көмек сұрады. Кеттлинг азаптау ма, емес пе? Министр Қазақстан полициясының митингіге шықандарға "мейірімді" екенін айтады.
Бүгін, 11 маусым футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Турнир қайда өтеді? Жарысқа қай құрамалар қатысады? Қай ел фаворит? Осы сұрақтарға жауап береміз.
Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Қытайдың Шыңжаң аймағындағы мұсылмандарды "жүйелі түрде, мемлекеттің ұйымдастыруымен жаппай қамау, ұрып-соғу және қудалау" әрекеттері адамзатқа қарсы қылмыспен пара-пар деп мәлімдеді.
9 маусымда Ақорданың ресми сайтында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстанның адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы" жарлығы шықты. Бұл жарлыққа қатысты құқық қорғаушылар мен үкіметтік емес ұйым
Қазақстанда азық-түлік қымбаттағанына шағымданушылар көбейді. Үкімет "бүкіл әлемде сондай" дейді. Халықты қымбатшылық қысқан шақта жұмыссыз қалу қаупі барын айтқандар да жиіледі. Адвокат қызметі туралы президент қабылдаған заңнан адвокаттар қауіп көреді.
Беларусьте тергеу абақтысында отырған оппозициялық журналист Роман Протасевичке тағы бір айып тағылып жатыр. Ол Украинаның шығысында оңшыл украин жасағы сапында соғысты деген дерек бар. Беларусь басшылығы қазір осы айғақты алға тартып, Протасевичті қуғындау әрекетін ақтап алғысы келеді.
Батыс Қазақстан облысының ондаған тұрғыны 1980-жылдардың соңы – 1990-жылдардың басында Таулы Қарабақта болған ұлтаралық жанжалды реттеуге қатысқанын дәлелдей алмай жүр. Солардың бірі Бауыржан Досқалиев 19 жасында Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде тұтқынға түсіп, мүгедек болып қалғанын айтады.
Гаагадағы БҰҰ соты Босния сербтері армиясының бұрынғы қолбасшысы генерал Ратко Младичтің өзіне шығарылған үкімге берген шағымын қанағаттандырмады. Сот Младичті соғыс кезінде жасалған геноцид, адамзатқа қарсы және соғыс қылмыстары үшін өмір бойына түрмеге қамаған.
Қазақстанда екінші президенттің сайланғанына екі жыл болды. Не істеді? Тоқаев саясатының кемшілігі мен жетістігі қандай? Тұрғындар пікірі мен депутаттар жауабы; Партия құру заңын жеңілдетуді талап еткен белсенділер Ақордаға барып, петиция тапсырмақ болды.
2019 жылы 9 маусымда елде билікке қарсы бейбіт наразылық өтіп, мыңдаған адам күштеп ұсталды. Екі жыл бұрын елде не болып еді? Еске түсірелік.
Бүгін, 9 маусым Тоқаевтың президент боылп сайланғанына екі жыл толды. Елде саяси өзгеріс болды ма? Халықтың әл-ауқаты, экономика жақсарды ма? Жұрттан сұрадық.
Тағы