Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 9 күн. Ұлыбритания басылымы президент Зеленский кемі 3 қастандықтан аман қалғанын жазды; Қаңтар оқиғасына байланысты абақтыда отырған адамның әлеуметтік желіге жарияланған хаты жан түршіктіреді;
Ресей мен Украина арасындағы соғыста қолға түскен ресейлік жауынгерлердің аналары ұлдарының басқа елде тұтқында жатқанын интернетте тараған видеолардан білген. Олар Ресей билігі балаларын соғысқа жіберетінін жасырып, енді тұтқындағы жауынгерлерді босатып алуға құлықсыздық танытып отырғанын айтады.
Украинаның бірнеше қаласында Ресей солдаттары банктер мен дүкендерді тонап жатқаны байқалды. Қауіпсіздік камералары түсіріп, әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан Ресей солдаттарының дүкеннен азық-түлік ұрлап, сейфті әкеткелі жатқаны көрінеді.
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 8 күн болды. Орыс әскері қалаларды бомбалап жатыр. Украина президенті сарбаздар "қорғаныстан шабуылға көшкенін" айтты.
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне жеті күн болды. Адам шығыны аз емес. Қазақстандықтар материалдық көмек жіберіп жатыр; Мәжіліс спикері қаңтар көтерілісінде қаза тапқандардың "көбі террорист" деді. Бірақ қандай дерекке сүйенгені белгісіз; Назарбаевтың қызы парламенттен кетті, резиденциясын күрелетін болды.
Билік партиясы "Нұр Отан" атауы "Аманат" болып өзгерді. Сыншылар "аты ауысқанымен заты өзгермеді" деп есептейді; Украинада соғысуға барған Ресей әскерінің қатарында қазақ жігіт оққа ұшқан; Батыстың Ресейге санкциясы Қазақстан тұрғындарына қандай салмақ түсіреді?
Киевтегі балалар ауруханасының жертөлесінде ондаған бала мен олардың ата-анасы жатыр. Олар мұнда бас сауғалап келген.
Соғыс болып жатқан Украинадан Польша арқылы шыққан Қазақстан азаматтарының алғашқы тобы 28 ақпанда Алматыға жетті. Әуежайда оларды туыстары мен БАҚ өкілдері қарсы алды.
Ресей билігі Украинада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап жатқан жоқпыз дейді. Бірақ 28 ақпанда Харьков қаласына Ресей ракетадан шабуыл жасап, тұрғын үйлер мен кемі бір мектепті қиратты.
Ресей әскері Украина қалаларын әлі бомбалап жатыр. Киев атыста өлген орыс сарбазының саны 5 мыңнан асқанын мәлімдеді; Жертөледегі үш күн. Украинадағы қазақстандықтар соғыс аумағынан алып кетуді сұрайды. Ақорда жіберген алғашқы ұшақ Атырауға бүгін ғана келмек;
Қаңтар оқиғасында қаза тапқандар жайлы дерек жинаумен айналысып жүрген құқық қорғаушылар құрбандардың "көбін әдейі көздеп атқан", "жұмбақ жағдайда көз жұмған", "кейбір бейбіт тұрғындар азаптап өлтірілген" деген қорытындыға келген.
Ресей әскері Киевке шабуыл жасады. Украина жүзден аса адам опат болғанын хабарлады Дариға Назарбаева депутаттық мандатын өткізіп берді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев орнын босатты. Белсенді Дулат Ағаділдің қазасына екі жыл.
Мәскеу, Екатеринбург, Пермь және Ресейдің басқа қалаларында наразылыққа шыққандар "Соғысқа жол жоқ" деп ұрандатты. 24 ақпан күні Ресей әскері Украинаға басып кірді. Полиция наразылыққа шықққан ондаған адамды ұстады.
24 ақпан таңертең Ресей әскері Украинаға шабуыл жасап, соғыс ашты; Украина билігі кемі 40 адам қаза тапқанын, ондаған адам жараланғанын хабарлады; Ресей Украинаға шабуыл жасаған тұста теңге құнсызданды.
Украинаның Донецк облысындағы Горловка қаласы ресейшіл сепаратистер басып алған "ДХР" мен "ЛХР" аумақтарының түбінде тұр. 23 ақпан күні Горловкадағы украин сарбаздары кейінгі күндердің өзгерісін баяндады. Олардың сөзінше, Путиннің жікшіл аймақтардың мойындауынан кейін шабуыл "кәсіби" сипат алған.
Қазақстан бас прокуратурасы қаңтар оқиғасына байланысты ұсталып, азапталғандар арасынан 6 адам көз жұмғанын растады;
Азаттық тілшісі министрлер кабинеті мүшелерінен «бұл үкіметтің бұрынғыдан қандай айырмашылығы бар?» деп сұрады. Сұрақты естіген кей министрді күлкі қысты. Тағы бір министр «Жаңа Қазақстан» құру үшін жаңа құрамның керегі жоқ деді.
Ресей билігі Украинаның шығысындағы сепаратистік "ДХР" және "ЛХР" деп аталатын құрылымдарды "тәуелсіз мемлекет" деп танитынын мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин аталған екі аймаққа Ресей әскерін кіргізуге бұйрық берді. Киев пен Батыс мемлекеттері Мәскеудің бұл қылығын айыптап жатыр.
Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Швейцарияның аса ірі Credit Suisse банкінің клиенттері жайлы тың зерттеу жариялады. Онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы әйелі мен ұлының, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелерінің аты-жөні кездеседі.
Тағы