Ресей Украинаның Киев облысында соғысып жатқан әскерін азайтатынын мәлімдеді.
Украинадағы Мариуполь қаласы 1 наурыздан бері Ресей әскерінің қоршауында. Қалада жарық, су, жылу жоқ, инфраструктураның 80 пайызы қираған. Қалада қалған жұрт бүлінген үйлерін көріп, өз көздеріне өздері сенер емес.
24 наурызда Украина әскері Киев облысы Барышев ауданы Лукьяновка ауылын Ресей әскерінен азат етті.
Украина мен Ресейдің соғысып жатқанына бір айдан асты. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына ұшып келіп, қашып кеткен содырлар кім? Тоқаев дерегін бас прокуратура растай алмады; "Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мен қызын соттауға болмаса да жауап алуға кедергі жоқ" деді әділет министрі.
Украина-Ресей соғысына 30 күн болды. АҚШ Ресей думасына және оның 328 депутатына санкция салды; Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп, мерт болған тұрғынның үстінен "терроризм" бабы бойынша іс қозғалған. Әйелінің сөзінше күйеуін әскери киімдегі адамдар атқан;
Ресей Украинаға басып кіргеніне тура 30 күн болды. Осы бір айдың ішінде не болды? Әр күні болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығайық.
Ресей әскерінің Украина даласына басып кіріп, бомбалап жатқанына 1 ай болды. Соғыстың тоқтайтын түрі жоқ; Қатты дауыл "Каспий құбыр желісі консорциумын" істен шығарып, Қазақстанның Ресей арқылы мұнай тасымалдауы қиындады;
Гитлер мен Путиннің үндеулерінде ұқсастық бар. Тыңдап көрейік
Луганскінің 26 жастағы тумасы Даниил кейінгі сегіз жылда Украинадан гөрі Ресейде көбірек болған. 24 ақпан күні Ресей Украинаға басып кіргенде інісі жергілікті қорғаныс тобына қосылды, ал Ресей азаматтығындағы анасы Владимир Путинді қолдап, ұлдарымен сөйлесуді қойды.
Бішкекте өткен Ресейді қолдау акциясына келгендердің біразы қолындағы плакаттың не туралы екенін айта алмады.
Бірнеше аптадан бері Ресей қоршауында тұрған Мариупольде мыңдаған адам қаза болды. Жұрт марқұмдарды көшеге жерлеп жатыр. Ал үйлерінен айырылған тұрғындар жертөледе бас сауғалауға мәжбүр. Қоршаудағы қаланың қазіргі көрінісі.
Наурыз айының басында он жылдан бері Ресейде тұрған Петр Микитенко отбасымен үй-жайын, жұмысын тастап Қазақстанға көшуге мәжбүр болды. Ресейдің Украинаға шабуылынан соң украин отбасының өмірі өзгерген. "Мәскеуде моральдық, психологиялық тұрғыдан шыдап, өмір сүру мүмкін емес" деген ол Шымкентте уақытша тіркеуге тұрып, жалдамалы жұмыс тапқан.
20 наурыз түнде ресейлік әскерилер Киевтегі сауда орталығына шабуыл жасап, кемі сегіз адам қаза тапты. Ракеталық шабуылдан сауда үйі қатты бүлінген.
Ресей Украинаға басып кіргелі 23 күн болды. Орыс армиясының зымырандары үздіксіз атылып жатыр; "Ақ жол" партиясының депутаттары кабинетіе Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхановтың портретін іле бастап еді әлеуметтік желідегі жұрт Назарбаев президенттіктен кеткенде Перуашевтің жылағанын еске алды.
Тағы