Кейінгі алты айда Орталық Азияның үш елінде халық толқып, соңы қантөгіске ұласты. Қаңтарда Қазақстан, мамырда Тәжікстан, шілдеде Өзбекстан билігі ел наразылығын күшпен басып, бәрі бірдей «сыртқы күштерді» айыптады, бірақ оның кім екенін айтпады.
Қырғызстан ішкі істер министрлігі Орталық Азияда экстремизм мен терроризм қаупі арта бастағанын мәлімдеді. Халықаралық экстремистік және террорлық ұйымдар аймақтың ішкі кикілжіңдеріне араласуды көздейді дейді министрлік.
Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса елдегі жаппай наразылықтан соң елден қашуға мәжбүр болды. Азия құрлығындағы шағын арал елде не болып жатыр? Ел неге наразылыққа шықты? Түсіндіреміз.
"Талибан" қозғалысы Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасы маңында жаңа бақылау бекетін тұрғызып жатыр. Тәліптерді Ауғанстанның заңды билігі деп мойындамаған Душанбе мұны "Тәжікстанға сес көрсету" деп санайды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Wimbledon жарысын жеңген соң ресейлік БАҚ оны "орыс теннисшісі" мен "мәскеулік теннисшіге" айналдырып жіберді. Оның жеңісін "Ресей теннис мектебінің жемісі" деп танып жатқандар да табылды.
Полигамия Қырғызстанда заң жүзінде тыйым салынған, бірақ ер азаматтар көп әйел алудан тартынар емес. Заңмен бекітілмеген бұл некелер күйеуіне тоқал болып тиген әйелдердің тіршілігін қиындатады.
Сарапшылар Қарақалпақстанның "егемен" статусын өзгерту бастамасын кім ұсынса да бұған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жауапты деп санайды.
Лисичанск үшін шайқас ұзаққа созылып, талай қан төгілді. Ресей әскері Украина шығысындағы бұл қаланы басып алып, Луганск облысына толықтай бақылау орнатты. Толассыз артиллериялық шабуылдан соң Украина әскері қираған қаланы тастап шығуға мәжбүр болды.
Өткен апта соңында Қарақалпақстан астанасы Нүкіс пен аймақтың өзге қалаларында жаппай наразылық тұтанып, тұрғындар Қарақалпақстанды "егемен" (суверенитет) статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Кемі 18 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған.
Грузия оппозициясы қазіргі кабинетті таратуды, елдің Еуроодақ мүшелігіне кандидат статусын алуына қажет реформаларды іске асыратын "ұлттық келісім" үкіметін құруды талап етті. Премьер-министр қызметтен кетпейтінін айтты. Жексенбіде Тбилисиде наразылық митингісіне ондаған мың адам шықты.
Ресей Украинаның Одесса қаласын атқылады. Зымыранның тұрғын үйге түскені, жиырмаға жуық бейбіт тұрғын қаза тапқаны хабарланды.
Қазақстан парламенті демалысқа кетті. Ел тарихындағы ең қанды, қаралы қаңтар оқиғасы туралы депутаттар қаншалықты "талапшыл" болды?
"Қаңтар дүрбелеңінде қаза тапқандардың аты-жөні түгел белгілі" дейді бас прокуратура. Бірақ тізімді нақты қашан жариялайтынын айтпайды.
Ресей 1917 жылғы большевиктер революциясынан бері алғаш рет сыртқы қарыз бойынша дефолтқа ұшырағанға ұқсайды. Ал АҚШ пен оның әріптестері Ресейдің энергетикадан кейінгі ең үлкен экспорт өнімі – алтынды нысанаға алды.
Кемі 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасынан соң елде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының бірі қамауға алынып, бірі "тергеу назарына ілінді". Қыздары жайлы да ақпарат тапшы. Дәл қазір Назарбаевтың жақындары қайда? Олар жайлы не белгілі?
Ресей Украина қалаларын бірінен соң бірін атқылап жатыр. Бомба түсіп, қаза тапқан бейбіт тұрғын аз емес.
Тағы