Астана қаласында өздерін жалғызбасты анамыз деп таныстырған тұрғындар әкімдіктен тұрғын үй мәселесін шешіп беруді талап етті.
Зерттеушілер Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Женевадағы Ұлттар сарайын жөндеуге бөлінген қаражатқа құдағиының тұс кілемін алғанын анықтаған.
Ресей президенті Владимир Путин "ішінара мобилизация" (ресейліктер мұны толыққанды мобилизация дейді) жариялағаннан кейін елдегі азаматтар әскерге жаппай шақырту ала бастады. Соғысқа аттанып бара жатқандардың арасында әскери тәжірибесі жоқтар да көп.
Ресейдегі әскери мобилизациядан Қазақстанға қашып жатқандар әлі көп. Бәрі де Путиннің соғысына қатысқысы келмейді. Сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" дейтін графа не үшін қосылды? Орталық сайлау комиссиясы ол таңдау сайлау қорытындысына еш әсер етпейтінін айтады.
Freedom House (FH) халықаралық құқық қорғау ұйымы "Өтпелі кезең елдері - 2022. Демократияны құлдыратудан авторитар агрессияға дейін" атты есебінде Қазақстандағы саяси жүйені "орныққан авторитар режим" деп атаған.
Ресейден қашқандар Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталығын жағалап жүр. Орталық оларды уақытша тіркеуге алып, ЖСН таратып жатыр. Қаңтар оқиғасында азаптаудан өлген адамның туыстары күдікті полицейлердің қамалмағанына наразы.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды. Сот оның мүлкін тәркілеп, атақтарынан айырды.
Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуылдан, алдын ала дерек бойынша, 15 адам қаза тауып, 20-дан аса адам жараланған. Қаза болғандар арасында мектеп оқушылары бар.
Ресейде Кремль жариялаған "ішінара мобилизацияға" наразылық күшейіп барады. Аймақтарда тұрғындар жақын-туғанын Украинаға соғысқа жіберуге қарсылық танытты. Иркутск өңірінде әскери комиссариат өкіліне тұтқиылдан оқ атқан.
Ресейдегі әскери мобилизациядан қашқандар туралы ақпарат көбейген тұста Қазақстанда жалдамалы пәтер құны күрт өскені айтыла бастады. Мәскеуден келген жолаушыларды Алматы әуежайынан студенттер пикет өткізіп күтіп алды.
Ресейде әскери мобилизация жарияланған соң елден кеткісі келетіндер күрт көбейген. Қазақстанға өтетін шекара бекеттерінде ұзын-сонар көлік кезегі пайда болған.
Мәскеуде 21 қыркүйек кешкісін мобилизацияға қарсылық акциясына жүздеген адам шықты. Олар "Соғысқа жол жоқ!", "Путинді – окопқа!" деп айғайлады. Наразылардың көбі соғысқа қарсы плакаттар ала келген. Күштік құрылым өкілдері мобилизацияға қарсы шыққандард күштеп ұстап әкетті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президентті кезектен тыс сайлауды 20 қарашаға белгіледі. Бірнеше күн бұрын ол Конституцияға енгізілген өзгерістерге қол қойған. Азаттық Қазақстанда осыған дейін негізгі заң қалай өзгертіліп, президент сайлаулары қалай өткенін шолып шықты.
Оралда есірткіге тәуелді қылатын медициналық препараттарды сатып алу оңай дейді қоғам белсенділері. Бұған заңның кемшілігі мен есірткі сатушылардың жауапқа тартылмауы себеп дейді олар. Қалада дәрігердің қағазымен ғана берілуі тиіс препараттарды заңсыз сататын орындар көбейген.
Тағы