Ресей ішінде саяси дүрбелең болған сайын бұл елден капитал сыртқа жылыстайды. Украина дағдарысы басталғалы тағы да Ресейден қаржы шығарылып жатыр.
Батыс елдері Мәскеуді «баспасөз еркіндігін шектеді» деп жиі сынап келген еді. Ресей Украинадағы журналистерін "жоқтай қалу" науқаны кезінде Батыстың принциптерін қымсынбай қолданды.
Жуықта премьер-министр қызметіне кірісетін ұлтшыл партия жетекшісі Нарендра Моди Үндістанның күш-қуатын әлемге паш ететінін мәлімдеді.
Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі қақтығыстар кезінде азаматтарды қорғауға полицияның шарасыздық танытқанына жұрттың бәрі куә болды.
Өндірісі дамыған шығыс Украинаның шахтерлері мен металлургтері аймақты дүрліктірген сепаратистік қақтығыстан қалыс еді. Енді олар ресейшіл жасақтарға қарсы жаңа күш ретінде бас көтере бастады.
АҚШ пен Еуропа Одағы санкцияларына ашулы Мәскеу Батыстан бөлініп, ресейлік кредиттік карта, интернет, тіпті өз алдына ресейлік ән байқауын өткізіп, жеке кетпек.
Украинаның уақытша президенті Александр Турчинов үкіметтен коммунистік партияның жұмысын тоқтатуды талап етті. Сарапшылар «бұдан елдегі жағдай одан бетер ушығады» дейді.
Жаздың ыстығы таяған сайын Иран билігі Тегеран мен басқа да ірі қалаларда су тапшылығы бастала ма деп алаңдап отыр. Иранның су қоры жылма-жыл азайып барады.
«Россия-1» телеарнасы «Украина ұлттық гвардиясының Донецкіде тағы бір адамды мерт қылғаны» жайлы видео көрсетті. Бірақ бұл видео былтыр күзде Ресейдің Қабарда-Балқар аймағында өткен антитеррорлық операция кадрларын дәлме-дәл қайталайды.
ФБР америкалық стартап компаниялар мен жетекші университетке Кремльдің ғылыми әріптес болуға ұмтылған инвестициялық қорлары технологиялық жетістіктерді ұрлауы мүмкін деп ескертті.
Украина қарулы күштері ел шығысын бақылауға алу үшін күш сап жатыр. Ал ресейшіл бүлікшілер қолына түскендерді азаптауды дағдылы іске айналдырды.
Еуропарламентке сайлау науқаны жүріп жатқан Чехияда исламофобиялық саяси жарнама қоғамда пікірталас тудырды.
Қырым татарлары лидері Мұстафа Жемилевтің түбекке кіруіне тыйым салынды. Қырым татарлары депортацияға 70 жыл толуына орай еске алу шарасын өткізбек. Осыған орай Азаттық Жемилевтен сұхбат алды.
ЕО Ресейдің энергетика саласына тәуелділігіне алаңдап отырған тұста Иран газ жеткізіп бере алатынын мәлімдеді. Батыс санкцияларынан құтылғысы келетін Иранның бұл амалы іске аса ма?
Мамырдың 12-cі күні Минскідегі хоккей чемпионатында Ресей АҚШ-ты 6:1 есебімен ұтқасын ресейлік БАҚ "АҚШ үкіметінің матч туралы мәлімдемесі" деп жалған ақпарат таратты.
Қырым татарлары Ресей аннексиясына қарсылық білдіріп келеді. Кремль оларды «көндіруге» Татарстан шенеуніктерін жұмсап отыр. Шенеуніктер Ресейге қосылу тиімді екенін дәлелдеуге тырысып жатыр.
Байқоңырдан ұшырылған ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы кезекті рет апатқа ұшырады. Бұл жолы зымыран орбитаға Ресейдің байланыс спутнигін шығаруы тиіс болған.
Ресейдегі тәуелсіз ұйымдар биліктің қырына ілініп жатыр. Ал қазақстандық сенатор «ҮЕҰ-ға қарсы күресте Ресейден үлгі алуға» шақырды.
Кремль «Еуромайдан» шерушілерін, Киевтегі жаңа үкіметті «антисемит» деп айыптады. АҚШ-тағы ұйымның сауалнамасына қарағанда, еврейлерді жақтырмайтындар Ресейден гөрі Украинада көп.
Ресейде сақал қоюдың да саяси мәні бар. Сақал орыс дәстүрінде ер-азаматтың бір белгісі саналып, оның православ діні өкілі екенін білдіреді.
Тағы