Лениннің Украинадағы ең үлкен ескерткіші тұрған тұғырдың үстіне крест қойылды, ал мүсіннің сынықтары аукционға шығарылды.
Сібірдегі саяси репрессиялар мұражайында сталиндік ГУЛАГ тұтқындарының жазған хаттарына арналған ерекше көрме өтті. Ол тұтқындардың көбінен қалған жалғыз белгі де осы хаттар ғана.
Ресейде Қырым түбегін басып алуға атсалысқан «сыпайы сарбаздарға» арнайы күн белгілеу жайын талқылап жатыр. Атаулы күн Ресей президенті Владимир Путиннің туған күнімен дөп келеді.
Ирак үкіметінің «ИШИМ-нің көзін жояйық» деген ұранымен ондаған мың азамат соғысқа аттанған. Алайда майдан өтінде сарбаздарға әлі ақша төленбеген, қару-жарақ жетіспейді. Қарсы жақ күш алып барады.
Интернетті кез келген сәтте өшіріп тастау құдіретіне ие болуды әр диктатор армандайды. Бірақ ел аумағындағы әлемдік желіні өшіре салу олар аңсағандай оңай шаруа ма?
Ресей оқушылары енді АҚШ қаржыландыратын оқу бағдарламасына қатыса алмайды. Олар Ресейдің FLEX бағдарламасын жапқанына наразы.
Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Құрманғазы мен Пушкиннің суреті бар даулы постер шығарған жарнама агенттігіне қарсы түсірілген шағымды қайтаруға шақырды.
Шетелде жүрген Әзербайжанның белгілі журналисі Хадиджа Исмаилова «елге оралсаң, тұтқындаласың» деген ескерту алған. Оның айтуынша, Әзербайжанда азаматтық қоғам өкілдеріне қысым күшейген.
Тәжікстан тұрғындарының назары қазір шағын ауылға ауды. Өйткені бұл ауылдан 20 жігіт Сирия мен Ирактағы соғысқа аттанған. «Жиһадшылар» шыққан ауылдың мазасы қашып тұр.
Ресейдегі атышулы қылмыстық топ жетекшілерінің бірі саналатын Сергей Михайлов «Президент маған өз қолымен қымбат сағат сыйлады» деп мәлімдеді. Кремль бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Ресей тергеу комитеті Украина билігі мен армиясын Донбасс тұрғындарына геноцид жасады деп айыптады. Ал Украина бас прокуратурасы Ресей тергеу комитетінің бірнеше өкіліне қарсы қылмыстық іс қозғады.
Атырауда ХІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аяқталып жатыр. Қазақстан президенті екі елдің Каспий аймағы мұнайын игеруде жаңа технологияға сүйенуі қажет екенін айтты.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай биліктен кетті. Оның 13 жыл ішінде есте қалған мәлімдемелері баршылық.
Зокир Хасановты Ташкент түрмесінде азаптағаны, оның азапқа шыдамай дүние салғаны екі жылдан кейін белгілі болды.
Ресейдің Астрахань қаласында Каспий елдерінің саммиті өтті. Бес мемлекет басшылары Каспий теңізіне қатысты бірнеше келісімге қол қойды.
Ресей парламенті БАҚ-қа шетелдіктердің иелік етуін шектейтін заң жобасын мақұлдап, президентке жолдады. Шетелдік инвесторға тиесілі «Ведомости» газеті бұған алаңдап отыр.
«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Ауғанстан мен Пәкістанды да қамтуы мүмкін бе? Бұл аймақтағы кейбір әскерилер ИМ басшылығына адал боламыз деп ант берген соң, қауіп күшейді.
«Әл-Каида» басшысы әз-Завахири Үндістан, Мьянма мен Бангладеште осы ұйымның қарулы бөлімшелері құрылғанын хабарлады.
Ресейлік режиссердің «Ленинленд» деректі фильмі СССР көсемі Ленинге табынушылықтың әлі де бар екенін көрсеткен.
Қырым «билігі» Украина мен түбек арасындағы байланысты барынша азайтуға тырысып жатыр. Қырымға Украинадан жүк жеткізу қиындады.
Тағы