Сирияда соғысып жүргенн «Ислам мемлекеті» тобына Қырғызстан азаматтарының қосылып жатқанына сарапшылар алаңдаушылық білдіреді. Бірақ экстремистер жағында нақты қаншасы жүргені белгісіз.
Қазанның 24-інде Франциядағы Лион соты қазақстандық олигарх Мұхтар Әблязовты Ресей мен Украинаға экстрадициялауға санкция берді. Қазақстандық саясаткерлер түрлі реакция танытты.
Қазанның 26-сы күні Украинада өтетін парламент сайлауы Еуропамен ынтымақтастықты қолдайтын жаңа консенсус қалыптастырар деген үміт бар. Елдегі орыстар да путиндік Ресейге сенімсіздікпен қарай бастаған.
Сегіз ай бұрын Януковичті биліктен кетірген «Еуромайдан» белсенділері қазіргі реформалардың баяу жүріп жатқанына наразы. Енді олар істі өз қолдарына алу үшін Рада сайлауына түспек.
Елдің шығысындағы соғыста опат болғандарды табуды жалғыз еріктілер ұйымы ғана мойнына алған. Олар сепаратистермен соғыста қаза тапқан 150-ден астам сарбазды жерледі.
Қырғызстан мен Тәжікстан ақпарат құралдары Сирия мен Иракта күш алып бара жатқан ИМ экстремистік ұйымының аймаққа төндіретін қатері туралы жиі жаза бастады.
Ресейдегі билік өкілдерін жемқорлыққа қатысты айыптаған заңгер Андрей Столбунов қудалау күшейгендіктен елінен кетіп қалғанын айтады.
Қорғаныс министрі болып тағайындалған Иманғали Тасмағамбетовтің орнына Астана әкімі қызметіне Әділбек Жақсыбеков қайта келді.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын «шайтан» деп атап, шешен жастарына олардың ықпалы күшеюі мүмкін екенін ескертті.
Ресейдің Украинадағы саясатын жақтаған Иосиф Кобзон мен Валерия Ұлыбританиядағы тыйым салуға шақырған үндеулерге қарамастан, бүгін Лондонның ең үздік сахнасында ән шырқайды.
Азаттық оқырмандарының арасында "Квартиранттың арманы" атты блог байқауын жариялайды. Бірінші орынның жүлдесі ретінде iPad тігілген.
Әзербайжандық белсенді Лейла Юнус үш айдан бері уақытша қамау абақтасында отыр. Жақтастары оған жалған айып тағылғанын айтады. Енді Юнусты елдегі ең танымал қамау абақтысына ауыстырмақ.
Биыл Шешенстаннан қажыға барғандар өздерін Меккеде ерекше қатты тексергенін айтады. Сауд Арабиясы үкіметі олар қажылықтан соң қалып, Сириядағы соғысқа қатыса ма деп қауіптенетін сыңайлы.
«Новороссия» туралы телехабарларға сеніп, Украинадағы соғысқан аттанған 18 жастағы ресейлік Женя Пушкарев Донбаста қаза тапты.
Чехия билігі Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысты қуғындалған Татьяна Параскевичке халықаралық қорғау құқығын берсе де, Интерпол оны іздеу тізімінен алған жоқ.
Ресей оппозиционерлерінің "Кремльдегі билік ауысқан күннің өзінде Қырым Украинаға қайтарылмайды" деген сөзі түбекке қатысты дау-дамайды қайта қоздырды.
Ресейден қашып, АҚШ-тан баспана сұраушылардың саны күрт көбейді. Бұған гейлерге деген қысымның күшеюі себеп болған.
Киев қабылдаған жаңа заң бойынша Украина астанасындағы дүкендер Ресей тауарларын таңбалап, жеке сөреге қоятын болды. Бұл бастаманы елдің басқа үш қаласы бұрыннан жүзеге асырып келеді.
Астананың қылмыстық істер бойынша соты бұрынғы ауылшаруашылық вице-министрі Мүсілім Өміраевты 10 жылға бас еркіндігінен айыруға үкім шығарды.
Маусым айынан бері мұнай 20 пайыз арзандады. Мұның Ресей, Иран сияқты мұнай экспорттаушы елдерге үлкен проблемаға айналатын түрі бар. Бағаның бұлайша құлдырауының астарында не жатыр?
Тағы