«Ислам мемлекеті» (ИМ) тобы Мосул қаласының (Ирак) барлық ер тұрғындарына сақал жіберуді бұйырған. Олардың айтуынша, «шариғатта беттегі түкті қыру - харам» саналады.
Сирияда заңсыз қарулы жасақтар тағы бір ірі қаланы басып алды. Сол операцияға өзбектер құрған «Таухид уал джиход» тобы ат салысқан. Көптен көрінбей кеткен шешен жасағының жетекшісі де осы Джиср әл-Шугур қаласында жүргені байқалды.
Freedom House ұйымының соңғы баяндамасында 2014 жылы баспасөз еркіндігі ахуалы нашарлағаны байқалған. Рейтингте 185-ші орында тұрған Қазақстан баспасөз еркіндігі шектелген елдер қатарына енген.
Орталық Азияда билікті династиялық жолмен өз әулетіне табыстап кеткісі келетін билеушілер жетерлік. Соңғы он жылдықта бұл идеяның жемісті болған кезі сирек, дегенмен аймақ елердінде осы бағыттағы әрекет тоқтайтын емес.
Бес жыл мерзімге кезектен тыс сайланған Қазақстан президенті бүгін ұлықталып, ант қабылдады
Ресейдің солтүстік астанасы соңғы уақытта әлеуметтік саясатқа жиі араласып, заң жобаларын ұсынғыш болып кетті.
Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Бадгиз өңіріндегі түркімендердің жағдайы қиын. Олар осы айдың басында «Талибан» шабуылынан босып кетті. Босқын тапқан жұрт ішінде адам шығыны көбейе бастаған.
20-ғасырдың басында Осман империясы кезінде бір жарым миллион армян қудаланып, жер аударылып өлтірілді. Мұны 20-ғасырдың алғашқы геноциді деп атайтындар көп. Бірақ ол сөзді айтпауға тырысатындар да табылады.
Алматыда бүгін жаңадан салынып жатқан көпірдің бір бөлігі құлап, 19 адам зардап шеккен. Үйінді астында адам қалып қоюы мүмкін деп хабарланған. Апат орнында іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Азаттықтың Тәжік қызметіне Мәскеу қаласынан берген сұхбатында Чулпан Хаматова режиссерді әлемдік даңққа бөлеген фильмнің қалай түсірілгенін еске алды.
Чехия археологтары Ирактың Мосул қаласында тарихи жәдігерлерді қиратқан «Ислам мемлекеті» тобы келтірген зардап көлемін анықтауға кірісті.
Азаттық сайтында өткен онлайн-конференцияда сұрақтарға білім және ғылым министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан жауап берді.
Солтүстік Кавказдағы террорлық ұйым сәуірдің 19-ы күні Дағыстанның Буйнакск қаласы маңында болған антитеррор операциясы кезінде «көсемдері» -«Әмір Әли Әбу-Мұхаммед» деген атпен белгілі Алиасхаб Кебековтің «шейіт» болғанын хабарлады.
Ресейдің екінші үлкен қаласы Санкт-Петербургтің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) осы аптада 18 жастағы бойжеткенге қарсы іс қозғады. Бұрынғы сән колледжі студенті ресейліктерді «ИМ сапына шақырған».
Мәскеу билігі қала орталығында «Бейбітшілік пен азаттық шеруін» өткізуге рұқсат бермей қойған соң оппозиция жалғыз адамдық пикеттер ұйымдастырды
Тәжікстан билігі «тәжік мәдениетіне қайшы» және «адамды қорлап-кемсітеді» деп санайтын есімдерді сәбиге беруге тыйым салмақшы. Қоғамда бұл бастаманы сынайтындар да бар.
Азаттық сайты Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.
Тасқыннан зардап шеккендерге көмек концертіне қатысатын әнші Ғалымжан Молданазардың онлайн-конференциясы кейінге қалды. Уақыт тығыздығын айтқан ол оқырмандардан кешірім сұрады.
Төртінші мәрте Өзбекстан президенті болып сайланған Ислам Каримовты ұлықтау рәсімі сәуірдің 10-ы күні өтті. Оның осы шарада айтқан сөздері мен түр-келбеті жұрт көңілін күпті етті.
Ресейде футбол фанаттары арасындағы нәсілшілдік ырық бермей отыр. 2018 жылғы әлем чемпионатына дейін бұл мәселенің қалай шешілері әлі белгісіз.
Тағы