Ресей билігі бір кездері Владимир Ленин тұрған, университет студенті атанып, оқудан да шығарылған Қазан қаласына Қытайдан келетін туристер санын көбейткісі келеді.
Осетин тілін сақтап қалуға тырысып жатқандардың еңбегі еш кетуі мүмкін. Бұл тілдегі екі диалектіге де толық жойылып кету қаупі төніп тұр.
Азаттық 29 мамыр күні биолог Сергей Скляренкомен киіктердің қырылу себебі жайлы онлайн-конференция өткізді.
Біраз уақыт бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен Тәжікстан арнайы милиция жасағының бастығы Гулмурод Халимов «Ислам мемлекеті» тобына қосылған болып шықты.
Каспий жағасындағы бес мемлекет арасында теңіздің құқықтық мәртебесі мен оны бөлісуге қатысты құжаттың болмауына қарамастан, Қазақстан мен Түркіменстан теңіздегі шекараларын бекітті.
Мамырдың 27-сі күні АҚШ прокурорларының "Бостон марафонындағы жарылысты тергеуге кедергі келтірген" қазақстандық Диас Қадырбаевты 7 жылға соттауды сұрағаны жөнінде ақпарат тарады.
Ферғана алқабының Өзбекстанға тиесілі аймағында базарларда киім кию тәртібіне жаңа өзгерістер енгізіліп, мешіттердегі намаз уақыттарын көрсететін электронды сағаттар өшіріліп жатыр.
Қазақстан президенті ресейлік телеарнаға сұхбатында Ресейге қарсы санкция және "Қытайдың Қазақстанға қаупі" туралы айтты. Бұл - Назарбаевтың сайлаудан кейінгі алғашқы сұқбаты.
Польшаның жаңа президенті - оппозициялық «Құқық және әділеттік» партиясының өкілі Анджей Дуда Брюссельден де, Мәскеуден де алшақ саясат ұстануды жөн санайды.
Тұрғын үйлерді жаппай сүріп жатқан Ашғабатта 25 мамыр – қала күні, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтың алып ескерткіші ашылды.
Тәжікстандық этникалық өзбек Ануар Алиев өзіне үй тұрғызып, анасы таңдаған қызға үйлену үшін көп жыл Ресейде құрылыста жұмыс істеп қайтты.
Жалал-Абад облысы Созақ ауданының Қыржол ауылында көшкін жүріп, бес үйді басып қалған. Көшкіннен алты адам опат болған.
Азаттықта мамырдың 22-сі күні түркі елдеріндегі әліпби мәселесі туралы түркиялық қазақ ғалымы Әбдуақап Қарамен онлайн-конференция өтті.
Соңғы кездері Мәскеумен арасы нашарлап бара жатқан Шешенстанның автократ басшысы Рамзан Қадыров бірнеше айдың көлемінде қарама-қайшы мәлімдемелер жасады.
Орталық Азияда киелі саналатын түз жануары – киіктер Қазақстанда жаппай қырылып жатыр. Бірақ, олардың неден өліп жатқаны белгісіз.
Өзбекстанның білім министрлігі мен қауіпсіздік күштері орта мектептерде милиция бөлімшесін құрып, әр мектепке бір күзетші қою жайын қарастырып жатыр. Жуықта әр мектепке қорғаныс дуалдары мен қауіпсіздік құралдары орнатылмақ.
Тәжікстанда ұшты-күйлі жоғалған ОМОН командирінің қайда екені белгісіз қалып отыр. Соңғы уақытта баспасөзде «жалған төлқұжатпен Түркияда ұсталған ол еліне қайтарылған» деген сөз шықты.
Алматыда балабақшаның ойын алаңына кіріп кеткен жеңіл көліктің астында қалған бір бүлдіршін мерт болған. Оқиғадан зардап шеккен бірнеше бала ауруханаға түскен.
Украинада «сепаратистер жағында соғысып, қолға түскен Ресей солдаттарын» тергеген видеоны интернетке жариялаған Киев Женева конвенциясын бұзды ма? Әскери тұтқындардың видеосын жариялау алаңдаушылық туғызып отыр.
Өзбекстан Орталық банкі елдің қолма-қол ақша тапшылығынан зардап шегіп жатқанын ашық мойындады. Банктің бұл жөнінде премьер-министрге жазған хаты Азаттық радиосының қолына түсті.
Тағы