Сәрсенбіден бері Өзбекстан астанасындағы жанармай құю бекеттері маңында бензин алу кезегінде тұрған көліктер қарасы көбейді.
АҚШ-тан баспана сұраған ресейлік азаматтардың саны 2015 жылы былтырғыдан 50 пайызға көбейген. Бұған Ресейдегі саяси пікірді шектеу, жемқорлық және жыныстық азшылыққа қысым себеп болған.
Мәскеуде Ресей халықтары бірлігі күні қарсаңында өткен "Мы едины!" шеруіне ондағы қырғыз азаматтары да қатысты.
Ұлттық банк төрағасы қызметіне Данияр Ақышев тағайындалған соң нарықта не өзгеріс болады? AzattyqLIVE хабарының қонағы қаржыгер Марлен Қайырленов осы мәселе жайлы сұрақтарға жауап берді.
Украина президентінің кешегі одақтасы, бүгінгі қарсыласы күтпеген жерден қамалып, қайта босатылып, артынша қайта тұтқындалды. Бұл саяси қақтығыстың басы ма, әлде басқа құбылыс па?
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри «Тәжікстан басшылығымен қауіп-қатерлермен бірлесіп күресуді және халықты электр қуатымен қамтуды жақсарту мәселелерін талқыладық» деп хабарлады.
Тәжікстанға бір күндік сапармен барған АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри ел президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.
Қазақстан «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын ресми түрде террористік ұйым деп таныды.
Әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығын алған белорус жазушысы Светлана Алексиевич өзінің қазіргі даңқын «адамдар санасында төңкеріс жасауға» пайдалануға тырыспақ.
Студенттер әкімшілік ұйымдастырған шараларға мәжбүрлі түрде жиі баратындарынайтады. Мұны университет басшылығының бірі «әкімдікке көмек» дейді, енді бірі жоққа шығарды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстан президентін исламшыл экстремизммен күресі үшін мақтап, бірақ терроризмнің демократия мен өзгеше ойлауды қыспаққа алуға негіз болмау керектігін айтып кетті.
Жапония премьері Синдзо Абэнің ОА-ға сапары аяқталды. Абэнің бұл сапарын «тарихи» деп атауға болады, себебі ол - ОА-ның бес елін тегіс аралап шыққан алғашқы жапон министрі.
Бүгін Қазақстанның ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов қызметінен кетіп, орнына президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісі Данияр Ақышев тағайындалды.
AzattyqLIVE хабарында құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Қазақстанға келуіне байланысты елдегі адам құқықтары ахуалы жайлы пікірлерін айтты.
Египеттен туристерді алып Санкт-Петербургке бара жатқан ресейлік ұшақ Синай түбегіне құлады. Апат салдарынан 217 жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі қаза болды.
«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы таратқан видеода қырғызша сөйлеген жас жігіт Бішкектегі медресенің шәкірті болуы мүмкін. Қырғызстан билігі оның кім екенін анықтап жатқанын айтады.
Бүгінге жоспарланған осы тақырыптағы AzattyqLIVE хабары техникалық себептермен өтпейтін болды. Азаттық оқырмандарынан кешірім сұрайды.
Абакан өзені жағасындағы ну орманға «өзге» әлемнен тікұшақпен келгендерді құдды бір орыс фольклорының тірі кейіпкері іспеттес жан - Агафья Лыкова қарсы алады. Кезінде Сталин билігінен қашқан старовер діни ағымындағы отбасыдан қазір ол жалғыз өзі қалған.
AzattyqLIVE хабарында үкімет бюджет шығыны және өзге мақсаттар үшін жұмсамақ болып жатқан мемлекеттік зейнетақы қорындағы қаржы мәселесі талқыланды.
Қазанда «Татар тарихы» көптомдығының соңғы - төртінші және бесінші томдары жарық көрді. Бұл еңбек 19 жыл бойы жазылған.
Тағы