Тәжікстанның Хатлон облысы Муминабад аудандық соты әйелін «қыздық абыройы болмады» деп айыптаған тұрғынды 600 сомони мөлшерінде айыппұл төлеуді міндеттеді.
Ресейде Жеңіс күні мерекесі қарсаңында екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлікті дәріптеу шараларынан балаларды да шет қалдырмайды. Алайда тым шектен асып кеткен жайттарды жұртшылық сынға алып, әжуа-мысқылмен түйрейді.
Өзбекстан билігі тұрғындарға «Георгий лентасы» орнына өзбек туы түстес ленталар қолдануды ұсынады. Ресейде екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс символы саналатын «Георгий лентасы» көршілес елдердің көбінде дәстүрге енген.
AzattyqLIVE жер заңының даулы баптарына жарияланған мораторий туралы парламенттің экс-депутаты Серікбай Әлібаевпен талқылады.
1993 жылы мамырдың 7-сі түн ортасында Босния-Герцеговинаның Баня-Лука қаласындағы сан ғасырдан бері келе жатқан Ферхадия мешіті жарылыстан тас-талқан болды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жаппай қарсылық акцияларынан кейін жер кодексінің даулы баптарының күшін уақытша тоқтатты.
Алматылық студенттердің сөзінше, олар «жер дауына» байланысты митинг өтеді деген күндері жатақханадан шықпауға уәде берген. Ал университет басшылары «ешкімге қысым көрсетіліп жатқан жоқ» дейді.
Өзбекстан тұрғындарының оңтүстіктегі Ауғанстан жақтан зымыран гүрлісін естімегендеріне бірер жылдың жүзі болған еді.
Өзбекстанда GM Uzbekistan ісі бойынша тұтқындалған 10 адамның бірі – автоконцерннің бас директорының ұлы.
Украинаның шығысындағы Донецк аспанында ұшып бара жатқан Boeing ұшағын атып түсірген деп болжанған «Бук» қондырғысының борт нөмірі «332» екені қалай анықталды?
Путиншіл «Түнгі қасқырлар» (Ночные волки) байкерлер клубы жетекшісі мамырдың 1-і күні Екінші дүниежүзілік соғыстың басында Совет Одағының нацистік Германиямен одақтас болғанын естігенде төбесінен жай түскендей болды.
Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда қызу пікірталас тудыратын бір тақырып болса, ол – жер мен Қытай мәселесі. Қытай қазір-ақ Орталық Азиядан жер жалдап, онда ауыл шаруашылығымен айналысып жатыр, бұған халықтың бір бөлігі наразы.
Косово басқаларға өзін тәуелсіз мемлекет ретінде танытуға тырысады, бұл ел футболды да соның бір амалы ретінде қолдануды көздейді.
Қырғызстандағы Қарасу ауданының тумасы Элзада Муминова 2004 жылы 15 жасында Қазақстанға жұмыс істеуге кетіп, құлдыққа түскен. Еліне жуықта ғана бір баласымен бірге оралған оның екі баласы Қазақстанда қалған.
Қазақстанда «жер сату және жалға беруге» қарсылық акциялары халық бірлігі мерекесі күні де жалғасын тапты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік құттықтауында елдің қол жеткізген табыстарын айтып, халықты бірлікке шақырды.
Ақтаудан Жаңаөзенге таксимен бармақ болған Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді бір тәуліктің ішінде полиция қызметкерлері екі рет ұстады. Журналист Жаңаөзенге 1-мамыр күні болуы мүмкін қоғамдық шаралар туралы хабар дайындау үшін бармақ болған.
Тәжікстанда қолданысқа енген жаңа заң бойынша тегі тәжік азаматтардың аты-жөндеріндегі орыстың "ов", "ова", "ович" және "овна" жалғаулары заңсыз деп танылады.
2014 жылы маусымда Әбу Бәкір әл-Бағдади Ирактың Мосул мешітінде Ислам «халифатының» құрылғанын жариялаған сәтте құрылымның мемлекетке тән атрибуттары бар еді.
Қазақстанның кей аймағында жер туралы жиындар өтті. Бас прокуратура бұған байланысты «арандатушылықтың жауапкершілігі» барын ескертті. AzattyqLIVE хабарында осыған байланысты "Азаматтардың ар-ождан бостандығы қалай жүзеге асырылады?" деген мәселе талқыланды. Хабарға құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев қатысты.
Қырғызстанның жоғарғы соты БҰҰ-ның адам құқығы комитеті шешімі негізінде Әзімжан Асқаровтың ісін қайта қарауға әзір.
Тағы