Астанада сот орындаушылары Мейрамовтар отбасын үйлерінен күштеп шығаруға келді. Алайда Әділбек Мейрамов газ баллонын жарып жіберетінін ескертіп, сот орындаушылары оларды үйлерінен шығара алмай қайтты.
Совет диктаторы Иосиф Сталиннің тұсында атылған орыс шаруасының шөбересі өкіметтен бабасының сүйегін қайтаруды және оның өліміне кінәлілерді әшкерелеуді талап етеді. Билік репрессия жайлы деректерді түгел ашуға құлықсыз.
Женевадағы БҰҰ-ның адам құқығы комитетінің 117-сессиясында Қазақстандағы адам құқығын ахуалы қарама-қарсы тұрғыда бағаланды. Азаматтық белсенділер сынады, ал ресми тұлғалар керісінше мәлімдемелер жасады.
Англия шығысындағы Бостоннан байырғы жұрттың сүйікті асы - орамамен қатар поляк варенигін де жиі көресіз. Ұлыбританияның Бостон қаласы - Brexit сөзінің иммиграция мәселесіне қаншалықты қатысты екенін анықтауға болатын жер.
Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Ташкентте өтетін саммитіне ән арнады. Сыншылар әншінің бұл әрекетін сахнаға қайта оралу амалы деп атайды.
Ресейде үкіметті интернетте сынағаны (пост жазғаны) үшін жұртты соққыға жығып, қорқыту оқиғалары көбейді. Кремль бұл елдегі интернет бостандығын шектеп отыр.
Араб әлеміндегі ежелгі әрі ең соңғы еврей қауымдастығына қауіп төніп тұр. Бірақ бұл қатер «Ислам мемлекеті» содырларынан келген жоқ.
Ресейлік ата-аналардың интернет форумдарға 2013 жылдан бастап жазған пікірлерін оқысаңыз, олардың Карелиядағы лагерьдің қауіпті екенін жанұшыра ескерткенін байқайсыз.
Өзбекстанда қаржылық пирамидаға қатысты айыппен ұсталған кәсіпкердің үстінен арыз жазушылар көбейіп барады.
Ресей мен АҚШ-тың жоғары лауазымды әскери шенеуніктері жақында бірінен соң бірі Орталық Азия елдеріне барды. Ресей қорғаныс министрі - Түркіменстанда, АҚШ қолбасшыларының бірі Өзбекстан мен Тәжікстанда болды.
Әзербайжанда бүгін «Формула-1» автобәйгесі басталады. Авторитарлық режим өзін насихаттау үшін өткізіп жатқан жарыстың пайдасынан гөрі зияны көп дейді билік оппоненттері. Бакудің кей тұрғындары жарысты пайдаланып ақша тапқысы келеді.
AzattyqLIVE Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының төрайымы Зүлфия Байсақовамен отбасындағы зорлық-зомбылық және оған қоғамдағы көзқарас жайын талқылады.
Украинадан қару-жарақ әкеле жатқан француз экстремисінің ұсталуы соғыс ошағына айналған Донбастағы қару шетелдегі террористердің қолына өтіп кетпей ме деген қауіпті күшейтті.
Егер гей-клубтағы оқ ату теракт деп танылса, бұл қырғын АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінен бергі кезеңде жасалған ең ауқымды теракт болады.
ЛГБТ белсенділерінің Киевте гей-парад өткізуге талпыныс жасап келе жатқанына төрт жыл болды. Оларды райынан қайтаруға тырысатындар тіпті соққыға жығатындарын айтып доқ көрсетіп отыр.
Астана қалалық қылмыстық істер соты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев пен өзге 10 адамға үкім шығарды.
Грузияның сепаратистік Абхазия аймағының де-факто президенті Рауль Хаджимба, оппозиция қысымынан соң, шілденің 10-ы күні мерзімінен бұрын президент сайлауы жөнінде референдум өткізуге жарлық шығарды.
Ақтөбедегі 20 шақты адам мерт болған шабуыл жайлы 3 күннен соң мәлімдеме жасаған Қазақстан президенті "түсті революцияларды" да айтты.
Чехияда 1950 жылдардың басында советтік диктатор Иосиф Сталинге қойылған әлемдегі ең алып ескерткіш авторы Отакар Швец туралы фильм түсіріп жатыр. Швец ескерткіштің ресми ашылуына аз қалғанда өзіне қол жұмсаған.
Қыркүйектің 11-і (9/11) АҚШ-қа жасалған жойқын шабуылды ұйымдастырды деген Халид Шейх Мұхаммед пен оның төрт сыбайласының сот тыңдауы мамырда қайта басталды. 2003 жылдан бері Гуантанамо абақтысында отырған олар АҚШ-тың күдіктілерге қатысты әрекеттерін сынаушылардың басты тақырыбына айналғалды.
Тағы