Мәскеудегі «Шереметьево» әуежайында жасөспірім қызымен тұрып жатқан қырғыз әйелі алаяққа берген ақшасын қайтарып алғысы келеді.
Ауыр қылмыс жасаған деген айыппен 18 жылға сотталған жігіттің ісі бойынша Жоғарғы сотқа кассациялық шағым берілді. Әкесі ұлының ұсталардан бұрын полицияда азапталғаны жайлы берген шағымы аяқсыз қалғанын айтады.
«Ресей презиенті Владимир Путиннің үкіметі 1917 жылғы төңкерістердің мәнін көпшіліктің түсінгенін қаламайды». «Ақпанға оралу» мақаласында ресейлік либерал саясаткер Григорий Явлинский осындай ой түйеді.
22 жастағы қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайдағы Singer 2017 әншілер байқауына қатысып, музыкалық телеарнадан көрінген бетте сенсация жұлдызға айналды.
Ресейлік телеарналар оппозицияны қаралайтын телесюжеттерді көрсеткенде адамдардың телефон әңгімелерінің жазбасын, интернеттегі жеке хаттарын жарыққа шығарады. Қанша ресейлік азамат тыңдалып жатыр?
Ақпанның 26-сы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15.45-те (Мәскеу уақытымен – сағат 11.45) белсенді Ильдар Дадин Алтай өлкесінің Рубцовск қаласындағы ИК-5 түрмесінен бостандыққа шықты. Ол Ресей жоғарғы сотының бұрынғы үкімнің күшін жойып, Дадинді дереу босату жайлы шешімінен кейін төрт күннен соң босады. Колония қақпасы алдында журналистерге жауап берген Дадин «Путин режимімен» күресе беру үшін Ресейде қалатынын мәлімдеді.
2017 жылы ақпанның 26-сы күні таңертең Бішкектегі «Манас» әуежайында Қырғызстан парламенті депутаты, оппозициялық «Ата Мекен» партиясы лидері Омурбек Текебаев ұсталды. Осы күні бұл елде бірнеше наразылық жиындары өтті. Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева елдегі саяси күштерді Қырғызстандағы жағдайға байланысты "консультацияларды бастауға" шақырды.
Қырғызстанда Ресей елшілігі автокөлігінің қатысуымен болған және Бішкек тұрғынының өмірін қиған жол-көлік апатына қатысты жаңа жайттар ашылып жатыр.
Приморье өлкесіндегі автокөлік иелері шетелден әкелінетін жеңіл көлікке ЭРА-ГЛОНАСС модулін орнатуды міндеттеуге қарсы. 2017 жылы қаңтардың 1-інен бастап бұл модуль барлық импортталған көлікте әу бастан болуы керек немесе Ресейге келген соң орнатылуы керек.
Әлемде аласапыран көбейіп барады. Бірақ дүлей дауылдың ортасында сенімді әрі алаңсыз көрінетін жалғыз ел болса, ол – Владимир Путин басқаратын Ресей.
Биліктің шешімдеріне мөр басып беруші қызметін ғана атқарып келген Түркіменстан парламентінің дәрежесі және бір саты төмендейтін болды. Ақпанның 17-сі өткен ұлықтау рәсімінде сөйлеген Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов ақсақалдар алқасы бұдан былай парламенттен жоғары тұратынын айтты.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев әйелі Мехрибан Әлиеваны вице-президент лауазымына тағайындады. Ол туралы жарлық ақпанның 21-і күні президенттің ресми сайтында жарияланды.
Украина радасының депутаты ұсынған Украина мен Ресейді бітістіру жөніндегі бейбіт жоспар АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісіне жеткен.
Әлемдік баспасөз құралдарынан Орталық Азия туралы жақсы пікір табу қиын. Ірі телеарналар мен газет-журналдар аймақ жайлы көп айтпайды.
Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді соңғы бір айда осымен екінші рет полицияға жеткізіп, бұл жолы бірнеше сағат ұстады. Журналист редакция тапсырмасы бойынша бара жатқан Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаевтың тұрғындарға есеп беру жиынына қатыса алмады. Соңғы бір жылда Сәния Тойкен кәсіби жұмысы барысында бірнеше рет кедергіге кезіккен.
Пәкістан мен Иран бастаған мемлекеттер ауған босқындарын елдеріне қайтуға мәжбүрлеп жатыр. Солайша жүздеген мың адам соғыс қалжыратқан тұрақсыз елге еріксіз қайтып келді.
Қырғызстанның 20 шақты азаматы Оңтүстік Кореяға бару үшін төлқұжатындағы аты-жөнін мемлекеттік тіркеу қызметі өкілдері көмегімен өзгерткені анықталды.
Санкт-Петербург қаласы басшылығының Исакий кафедралдық соборын Ресей православ шіркеуі қарамағына өткізу шешімі жергілікті жұрттың қарсылығына тап болды. Тарихи жәдігер маңында наразылық шеруін өткізген адамдар елде мәдениетке шіркеу ықпалы күшейіп барады деп алаңдайды.
Мәскеуде мигранттардың пәтерлерін тонау қалыпты құбылысқа айналды. Өз отандастарының заттарын, ақшасы мен киім-кешегін ұрлаған адамдардың фотосуреттері әлеуметтік желілерде көп. Жапа шеккендер құжаттарын тексеріп қалады деп қорқып жергілікті полицияға жүгінуден тартынады.
21-ғасырда интернет пен телевидение дамып, адамдар радионы өткеннің сарқыншағы санай бастағандай. Алайда бұл - қате пікір. Өйткені, әр адамның интернет пайдаланып көрмеген және жақын арада пайдаланбайтын екі немесе үш танысы бар.
Тағы