Тәжікстандағы адам азаптау мен жазасыз қалуға қарсы азаматтық қоғам коалициясы тамыздың 17-сінде жарияланған есебінде биыл алғашқы үш айдың ішінде Тәжікстанда азаптау мен қатігездікке қатысты жаңа 38 оқиға тіркелді деп хабарлайды.
Қыркүйектің 1-іне қарай Орал округі арбитраждық сотының шешімі бойынша Екатеринбург қаласының орталығында орналасқан «Нур-Усман» мешіті бұзылуы керек. Оны діндарлар өздері бұзуға тиіс. Егер оны бұзса, Екатеринбургтегі жүздеген мың мұсылмандарға екі-ақ мешіт қалады.
Азаматтық белсенді әрі оппозициялық "Трибуна. Саяси қалам" газетін шығарумен айналысқан журналист Жанболат Мамайдың сотында оны қазір шетелде тұрып жатқан БТА банкінің бұрынғы басшысы, өзін Қазақстандағы қазіргі режимнің қарсыласы деп атайтын Мұхтар Әблязов тобынан БТА Банкінен жымқырылған 110 мың доллар алды деп айыптады.
Ерінің «Ислам мемлекеті» (ИМ) террорлық ұйымы жағында соғысып, Сирияда мерт болғаны жайлы қаралы хабардан кейін Бохтар ауданының 28 жастағы тұрғыны Гулкадах Гаффорова шаңырақ шаттығы жайлы қайта ойлана бастаған.
Тамыздың 3-і күні шығармашылық интеллигенция өкілдерімен кездескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жастар үйленген кезде аста-төк той жасап, ақша шашуды сынап, өзбекстандықтарды тойды қарапайымдап өткізуге шақырды.
Ресейлік әлеуметтік желілерде "Мәскеу шекараны демаркациялау кезінде Қазақстанға Сладкое көлінің қалған бөлігін беріпті" деген хабар қызу талқыланды.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Халықаралық діни бостандық жөніндегі 2016 жылға арналған жыл сайынғы есебін жариялады. Әлемдегі 200-ден астам мемлекет пен аймақтардағы дін бостандығының ахуалын сипаттайтын бұл есеп үкіметтердің, террорлық топтардың және жекелеген адамдардың діни бостандық заңдарын бұзу немесе оны асыра пайдалану фактілерін саралап шыққан.
Жұмысшылар Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің жұмыс орны болған «Ақсарай» резиденциясының темір қоршауын алып тастады. Қазір резиденция территориясында марқұм Ислам Каримовтің ескерткішін қоюға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Өзбекстанның халық суретшісі, мүсінші Ильхом Джаббаров Ислам Каримовтің үш ескерткішін әзірлеп қойды.
Алматының Медеу аудандық №2 сотында «Трибуна. Саяси қалам» газетін басқарған журналист Жанболат Мамайға қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті. Оған қылмыстық кодекстің 193-бабы бойынша «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыру» айыбы тағылған. Сотта адвокат Жанар Балғабаева бірнеше өтініш жасап, судья оларды ішінара қанағаттандырды.
Тәжікстандықтар календарында жылдың төрт мезгілінен бөлек, "президентті қарсы алуға дайындық" деген тағы бір маусым пайда болды.
Өзбекстанның тұңғыш прзиденті, марқұм Ислам Каримовтің бұрынғы мемлекеттік кеңесшісі Мавлон Умурзаков Азаттықтың Өзбек қызметіне (Озодлик) берген сұхбатында өзін ақтау туралы жоғарғы соттың шешімін 21 жыл күткенін айтты.
Қырғызстан мұсылмандарының бас мүфтиі "дүкендерді алкоголь саудасынан бас тартуға мәжбүрлеуді" құптамайтынын мәлімдеді. Кей ауыл имамдарының дүкен аралап, сатушыларды спирттік ішімдік саудасынан бас тартуға шақыруы қырғыз қоғамында қызу пікірталас тудырған.
Тәжікстан жиырма жыл бұрынғы азаматтық соғыс кезінде қаза тапқан бірқатар танымал адамдардың өліміне Иранды айыптады. Тәжік мемлекеттік телеарнасы көрсеткен деректі фильмде 1990 жылдардағы ресми тұлғалардың өліміне "Иран тапсырыс берген" деген пікір айтылуына Тегеран наразылығын білдірді.
Таяу Шығыстағы соғыс аймағында "Ислам мемлекеті" террорлық тобы қатарында болған, кейін еліне оралып, өткеніне өкініш білдірген соң кешірім жасалған тәжік азаматтары қалыпты өмірге бейімделіп жатыр.
Ресейде сот Иса пайғамбарды әжуалайтын суреттерді әлеуметтік желіде бөліскен адамға қомақты айыппұл салды. Желі қолданушысы өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Құқық қорғаушылар елде діни көзқарасын білдірушілерді жазалау көбейгенін айтады.
2006 жылдан бері психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде "емделген" журналист Жамшид Каримов бостандыққа шыққан алты айдан бері төлқұжат ала алмай жүр. Өзбекстанның тұңғыш президентінің туысы Азаттыққа сұхбатында елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзияевке жағдайын айтып жазған бірнеше шағымына әлі күнге жауап алмағанын айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде Америкаға қоныс аударатын кәсіби білігі төмен эмигранттардың санын екі есеге қысқартатын, эмигранттарды білім-қабілетіне қарай балдық жүйемен бағалайтын ережелерді күшіне енгізді.
Түркіменстанның автократ басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов сан қырлы "талантының" тағы бірін жұртқа паш етті – бұл жолы мемлекеттік БАҚ президенттің әскерилерге тапанша мен мылтықтан дәлдеп атып, қанжарды қалай қадауды үйреткенін көрсетті.
Мәскеу Вашингтонға Ресейдегі дипломатиялық миссиясы қызметкерлері санын қысқарту жайлы талап қойды. "Қырғи-қабақ соғысы" жылдары Мәскеудегі АҚШ елшілігінде қызмет атқарған америкалық ардагер дипломат Ричард Кумбс отыз бір жыл бұрынғы ұқсас оқиғаларды еске алады.
Өзбекстан телевидениесінде алғаш рет елдің тұңғыш президенті марқұм Ислам Каримовтың жүргізген саясаты сынға ілікті.
Тағы