Бурятияда Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп баратын тұрғындар көбейіп келеді. Ол жақта Бурятияға қарағанда, күнкөріс арзан, жалақы 3-4 есе көп, жергілікті тұрғындар тіпті заңсыз еңбек мигранттарының өзіне адамгершілікпен қарайды. Делдалдар да жұмысқа орналастырғаны үшін қымбат сұрамай, 150-180 долларды місе тұтады. Оңтүстік Кореяда ресейліктер көбінесе зауыттарда, қонақүйлерде, егістік алқаптарында, теңізде және құрылыста жұмыс істейді.