Сәуірдің 13-інен 14-іне қараған түні АҚШ, Ұлыбритания және Францияның қарулы күштері президент Башар Асад армиясының нысаналарына зымыранмен соққы беретіні туралы алдын ала Ресейге ескерткені белгілі. Алайда Ресей Таяу Шығыстағы негізгі одақтасына көмектескен де жоқ. Кремльдің бұрынғы мәлімдемелеріне, тіпті егер Батыс елдері Шығыс Ғутада химиялық қаруды ықтимал қолданғаны үшін Асад күштеріне шабуылдауды ұйғарса, қарымтасы болады деген сесіне қарамастан көмектен тартына қалған қылығын қалай түсінуге болады?