Мамырдың 31-і күні Қазақстан парламенті сенаты президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін заң жобасын мақұлдады.
Сәкен Сейфуллиннің жетпіс жылдығына арналған шарадан түсірілген видеода оның жары Гүлбахрам, інісі Мәжит Сейфуллиннің бейнелері бар
Украина арнайы қызметі ресейлік журналист Аркадий Бабченконың өлімі қолдан ұйымдастырылғанын хабарлады. Арнайы қызмет ұйымдастырған баспасөз мәслихатына Бабченконың өзі де қатысты.
АҚШ әлемнің ондаған елінде діни бостандықтың қатты шектеуге ұшырағанын, олардың ішінде Қазақстанның бар екенін мәлімдеді.
Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченкоға қастандық жасалды. Дүкеннен келе жатқан журналисті ту сыртынан үш рет атқан.
Қырғызстандағы Бозымчак кенішінде жұмыс істейтін қазақстандық "КазМинералсБозымчак" компаниясының директоры Ілияс Түлекеев үй қамаққа алынды.
Түркіменстанның Дашогуз және Лебап уәлаяттарында құм аралас тұзды боран көтерілді.
Халықаралық тергеу тобының жаңа тұжырымында "Малайзия әуе желілері" компаниясының МН17 рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағын ресейлік 53-зенит-зымыран бригадасының қару-жарағы есебінде болған "Бук" қондырғысынан атып түсіргені айтылған
Самарқанда Өзбекстанның тұңғыш президенті марқұм Ислам Каримовтің бейнесі салынған кәдесый сатушыларға қарсы рейд жүргізілді. Саудагерлер табыс әкелетін әлгіндей заттарды сатумен күнкөріс үшін айналысатынын айтады.
Ресейде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына шабуыл үдеп барады. Муниципалитет басшыларын тікелей сайлау күшін жою мүмкіндігі Мемлекеттік дума жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға түзетулер енгізген кезде пайда болды.
Ресейде президент Владимир Путиннің саясатымен келіспейтін аймақ басшылары некен-саяқ. Солардың бірі – Екатеринбург қаласының мэрі Евгений Ройзман қызметінен кетті. Кремль қожайынына ашық қарсы шыққан Ройзман кім, оның ендігі тағдыры қандай болмақ?
Азаттықтың "Сибирь.Реалии" жобасының тілшісі Ресейдің Красноярск өлкесінде бірауыздан Путинге дауыс берген Лощинка ауылына барып, жағдайымен танысып қайтты.
Ашғабатта соңғы бірнеше күнде дүкен алдында кезек көбейді. Елде азық-түлік бағасы да өскен.
Иранның Душанбедегі елшілігі алдына жиналғандар Тегеран саясатына қарсы ұрандады.
Мамырдың 21-і күні Астана мен Шымкентте күзет күшейтілді. Екі қаладағы бірнеше белсенді осы күні "Жер заңына" қатысты митинг өткізуге рұқсат сұраған. Бірақ билік белсенділерге рұқсат бермеген. Олардың айтуынша, билік "Жер заңында" халықтың талабын ескермеген.
Керчь бұғазы арқылы салынған жаңа көпір Қырымды Ресейге жақындата ма? Әлде ол Ресей үшін жазылмас жараға айнала ма? Жаңа көпір Қырымның "оқшауланып қалған территория" мәртебесін сақтауға кепілдік бере ме? Қырымды Украинаға қайтарып беру Путиннен кейінгі Ресей үшін шарасыз шешімге айналуы мүмкін бе?
Қырғызстан парламенті экс-президенттерді тиіспеу кепілдігінен айыру мүмкіндігін қарастыру үшін "Президент қызметіне кепілдіктер беру туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы ұсынысты көпшілік дауыспен қолдады
Астана соты әлі өтпеген митинг үшін екі белсендіні "бейбіт жиын, шеру өткізу және ұйымдастыру" туралы заң талабын бұзды деп танып, әкімшілік қамауға алды. Тағы үш белсендіні полицияға шақыртқан.
Тағы