АҚШ-та басылым редакциясына жасалған қарулы шабуылдан бес адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Полиция қылмысқа күдіктіні ұстаған.
Алтайлық екі оппозиционер белсенді – Қырлық ауылының бұрынғы депутаты Айдар Кудирмеков пен Алтай өлкесі Бийск қаласынан Сергей Горр мамыр айында Ресейден кетуге мәжбүр болған. Олар түрлі айыптармен билік тарапынан қудалауға ұшырағандықтан екеуі де енді Ресей тұру мүмкін емес деп шешкен.
Өзбекстанның Ферғана облысы Қоқан қаласында театр ғимараты қабырғасына салынған әйел періштелер бейнеленген фресканы өзгертіп, қайта салған. Мәдениет министрлігі бұл оқиғаны "вандализм" деп атап, оны тексеру үшін арнайы комиссия құрған.
Венера Назарбаева - Дариғаның жалғыз қызы. Оның күйеуі Дален Чайжунусов – 22 жаста, Венераның өзі – 18-де.
Ресейдегі әлем чемпионатына қатысқан Египет құрамасы дайындық базасы ретінде Шешенстанның Грозный қаласын таңдаған. Египет футбол федерациясының бұл таңдауы Египет командасының бас жұлдызы Мохаммед Салахтың құрамадан кетуіне әсер етуі мүмкін. Шешенстан президенті Рамзан Қадыровпен бірге фотоға түскені үшін Салахты құқық қорғаушылар сынады. Қадыров футболшыға "Шешенстанның құрметті азаматы" атағын бергенін де жанкүйерлер көп сынады. Осыдан кейін халықаралық агенттіктер Англияның "Ливерпуль" клубында ойнайтын 26 жастағы шабуылдаушы Египет құрамасынан кетпек деп хабарлады.
Бішкек соты қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы Бас прокуратураның шешімін қолдады.
1938 жылғы маусымның 24-інде Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сайлауы өтті. Баламасыз формальды бәсекеге Алматыдағы №6 сайлау округінен Сталиннің кандидатурасы ұсынылған.
Түркияның қазіргі президенті Реджеп Тайып Ердоғанның өзі - президент сайлауында, ал ол басқаратын партияның парламент сайлауында жеңіске жеткені хабарланды. Тиісінше, сайлау екінші турға жетпей аяқталып, Ердоған бұрынғысынша билікте қала бермек. Елдегі сайлау мерзімінен бұрын өткізіліп отыр.
Ресейде алдағы уақытта күшіне енетін "Яровая заңына" сай, операторлар интернет қолданушылардың хабарламаларын 30 күн сақтауы тиіс.
Доллар бағамының өсуіне қарсы наразылық шарасы өтіп, "Тегеран үлкен базары" сауда орталығы жұмысын тоқтатты.
Ұлыбританияда тұрып жатқан бұрынғы ресейлік депутат Андрей Корчагин Азаттыққа сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин және оның дос--жарандары мен дұшпандары туралы айтты.
Маусымның 23-і күні Алматыда орталық көшеге шыққан ондаған адамды полиция ұстап, көлікке күштеп салып алып кетті. Бұл күні Астана мен өзге де қалаларда көшедегі азаматтарды полиция ұстаған.
Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримованың швейцариялық адвокаты Ташкентке барды.
Президенттің өкілетін күшейтетін конституция өзгерісінен соң Түркия маусымның 24-інде президент сайлауын өткізеді.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов спорт көлігін құрастырып, сынақтан өткізгенде ұлы Сердар қолғабыс етті.
1941 жылы 22-маусымда Германия СССР-ге шабуыл жасады. Оған дейін Алматы маңында «Шабуыл» деп аталған оқушылардың әскери жаттығуы өткен.
Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы жариялаған офшор туралы құжаттың екінші бөлігінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның есімі жүр.
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ВВС-дегі сұхбатына түсінік берді. Онда спикер алдағы сайлауға Назарбаевтың қатыспауы жайлы айтқан.
Тағы