Денис Теннің қазасы, Ресейдегі әлем чемпионаты, Еуропадағы аптап ыстық. Азаттық шілдеде болған оқиғалардан фототоптама ұсынады.
Алматылық 12 жастағы Нұрәлі Бейсеқожа сүйікті спортшысы Денис Теннің қазасына қайғырып, музыкалық шығарма жазды.
Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс беріп жатыр.
Өзбекстан Ішкі істер министрлігі іздеу жарияланғандар тізімінен алып тастаған кәсіпкер, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) президентінің міндетін атқарушы Гафур Рахимов сегіз жылдан соң еліне келді.
Беларусь жаңалық сайттары осы елдегі ұлттық корпорация басшысының суретін жариялады. Суреттегі адамды Қырғызстанда сырттай сотталған, 2010 жылғы сәуір революциясынан кейін шетелге қашып кеткен бұрынғы премьер-министр Данияр Үсеновке ұқсатады.
Қырғызстанда жыл басынан бері 80 адам, оның ішінде туристік маусым басталған соң 58 адам суға батып кеткен. Пансионаттар мен өзен-көлдерде құтқарушылар мен сүңгуірлер жетіспейді, туризм кәсіпорны басшыларының жауапкершілігін арттыру өзекті мәселеге айналған.
Қырымдағы Приветное (1945 жылға дейін - Үскіт) ауылы Алушта-Судак автокөлік жолынан үш шақырымдай қашықта орналасқан. Мұнда інжір ағашының жеті түрі, жүзімнің бірнеше түрі өседі. Ауылды кесіп өтетін Үскіт өзенінің суы жаз ыстық болған жылдары тартылып, тек нөсер жауыннан кейін арнасымен қайта су жүре бастайды. Азаттықтың Крым.Реалии сайтының фотогалереясы.
Ресейдің Забайкалье аймағындағы алтын кенішінің ондаған жұмысшысы еңбекақыларын талап етіп аштық жариялап жатыр. Компания өкілі қызметкерлерге төлейтін ақшасы жоқ екенін мәлімдеген.
Бішкектің Первомай аудандық соты Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі (ҚМКҚ) төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовты қызметінен заңсыз босатқан деп тапты.
"Шаңырақ ісі" бойынша сотталған Ерғанат Тараншиев мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Азаттыққа түрме әкімшілігіндегі дереккөзі растады.
Ресейдің Серпухов қаласында бес жасар тәжік қызы Хувайдо Тиллозоданы қатыгездікпен өлтіру оқиғасы Тәжікстанда наразылық туғызды. Тәжік билігі Ресейді қылмысты толық тексеріп, кісі өлтірушіні қатаң жазалауға шақырды.
Ресейдің Серпухов қаласында қатыгездікпен өлтірілген бес жасар Хувайдо Тиллозоданың сүйегін шілденің 25-і күні таңертең Мәскеуден Душанбеге ұшақпен жеткізді. Өткен жексенбіде Серпуховтағы үйінің ауласынан жоғалып кеткен кішкентай қыз дүйсенбіде өлі табылған. Сот-медициналық сараптамасы қылмыскердің баланы зорлап, кейін пышақтап өлтіргенін анықтаған.
Грекиядағы шілденің 23-і басталған өрттен 70-тен адам қаза тауып, жүздеген адам жарақаттанған.
Чжун Хо Солтүстік Кореядан алғаш рет 13 жасында қашпақ болған. Бірақ ол қашып бара жатқан жерінен ұсталып, концлагерьге қайта оралған. Солтүстік Кореяға қайта оралғандағы өмірі қалай болды? Оның екінші рет қашу жоспары жүзеге асты ма? Чжун Хо «Настоящее время» сайтына берген сұхбаты.
Шілденің 24-і күні Азаттықтың Қырғыз қызметінің журналисі Уланбек Егізбаевты соңғы сапарға шығарып салды.
Азаттықтың Қырғыз редакциясының журналисі Уланбек Егізбаевтың қазасына орай Бішкекте қаралы жиын өтті.
Испанияда король отбасына қатысты тағы бір жанжал шықты. Бұл дау елдегі монархия институтына қауіп төндіріп тұр.
Ауғанстан вице-президенті Абдул Рашид Дустум 14 айдан кейін еліне оралды. Жанжалмен кеткен оның Түркияда емделгені айтылады.
Тағы