Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы түзген тізімде Қазақстан суициді ең көп елдердің алғашқы бестігінде тұр.
Швециядағы парламенттік сайлауда миграциялық саясатты қатаңдатуды жақтайтын партия жеңіске жетті. Сайлаушылардың 17 пайыздан астам дауысын алған «Швед демократтары» партиясының бағдарламасында Еуроодақтан шығып, НАТО-мен байланыстан бас тарту туралы пунктер бар.
Орталық Азиядағы ерекше аймақтық "Біздің атымыздан емес" ТВ жобасында жастар Қырғызстанның солтүстігіндегі экстремизм мәселесін талқылайды.
Халықаралық Human Rights Watch ұйымы арнайы есебінде Қытайдағы лагерьлер мен түрмелердегі адам төзгісіз жағдайды сипаттайды. Ұйым Қытай билігінің іс-әрекетін сынап, Пекиннен лагерьлерді қамалғандарды босату талап етеді.
Қырғызстанда Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталды. Келесі ойын 2020 жылы Түркияда өтеді.
Қазақстан суицид саны бойынша әлемде алғашқы ондыққа енеді. Суицидтің пайда болу себептері мен оны тоқтату жолдары қандай?
Қыркүйектің 4-і күні Стокгольм сотында басталған процесс кезінде швед прокуроры Гуннар Стетлер Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримованың қасында жүргендердің (Гаяне Авакян мен Рустам Мадумаров) атына тіркелген оффшорлық компания мен оған тиесілі акциялардың нақты иегері Каримованың өзі екенін растайтын деректер ұсынды.
Астананың Шығыс Ильинка ауданында жол, су құбыры мен кәріз жоқ. Билік тұрғындарға барлығын жасауға уәде береді, бірақ биыл емес.
Ресейде үкіметтің зейнетақы реформасы жобасы халықтың көңілінен шықпай, наразылық күшейіп барады. Басшылар осындай қиын шақта өткелі тұрған аймақтық сайлауға мықтап дайындалып жатқан сыңайлы.
Халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists - CPJ) Өзбекстанды әлеуметтік және діни тақырыптарды қозғайтын жазбалары үшін блогерлерді қудалауды тоқтатуға шақырды. Құқық қорғау ұйымы дін тақырыбын қозғағана бола тұтқындалған деп хабарланған кемінде төрт блогерді босатуды талап еткен.
Қырғызстандағы Көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан командасынан ұтылды
Қырғызстанның Ыстықкөл ауданындағы Қыршын жайлауында өткен үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан әйелдер туралы Азаттық тілшісі Амос Чапл түсірген суреттерден фотогалерея ұсынады.
АҚШ, Франция, Германия мен Канада ресейлік экс-агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальге биыл наурызда Солсбери қаласында у беріп қастандық жасауға Ресейдің қатысы бар деген Ұлыбританияның ұстанымын қолдады.
Мохидилхонның келіні бірнеше жыл бұрын ері мен туысқандарына айтпай, екі баласымен Сирияға кетіп қалған.
Соңғы жылдары Ресейде гомофобия өршіп кеткендіктен, жыныстық азшылық өкілдері бұл елден көп кетіп жатқаны мәлім. Ал, шетелдіктердің шағын бөлігі керісінше, Ресейден пана іздеп жүр.
Қырымдағы Армянск қаласында "Титан" зауытынан ауаға күкіртті ангидрид тарағаннан кейін тұрғындар жайсыз күй кешкен.
Ұлыбритания үкіметі осы елдің Солсбери қаласында тұрып келген бұрынғы ГРУ агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальге у беріп қастандық жасаған екі күдікті туралы мәлімет жариялап, оларды "ресейлік арнайы қызмет агенттері" деп сипаттады.
Тәжікстанның оңтүстігіндегі Шахритус ауданының дін қызметкерлері пролетариат көсемі Владимир Ленин ескерткішінің бұзылған бөлігін қалпына келтіріп бояған.
Өзбекстанның бас прокуратурасы әзірге тек екі блогерге қатысты түсініктеме берді. Блогерлердің туыстары жақындарының тағдырына алаңдайды.
Тағы