СССР-дің бұрынғы президенті Михаил Горбачев "АҚШ-тың Орта және жақын қашықтық зымырандарын қысқарту келісім-шартынан (ОЖҚЗ) шығуға тырысуы – қателік" деп мәлімдеді.
Алты адамнан құралған топтың тоғыз ай бойғы қарқынды еңбегінің нәтижесі көңіл толарлық: биопротез бұрыннан бар аналогтардан еш кем емес, тіпті кей артықшылықтары да бар, оның үстіне бағасы да басқалардан арзанырақ.
Ауғанстанда қазанның 20-ы күні парламент сайлауы аласапыран жағдайда өтті. Елдің әр түкпірінен техникалық ақаулар мен шараны ұйымдастыруда проблемалар туындағаны, оған қоса шабуылдар жасалғаны туралы хабарлар түсті.
Өзбекстан Орталық Азиядағы тұңғыш атом электр станциясын салуға кірісті. Экологтар Қазақстанның оңтүстік өңіріне жақын орналасатын АЭС жобасы екі елдің мамандар арасында талқылануы тиіс деп есептейді.
Халықаралық "Агора" тобының сарапшылары Ресей билігі өзгерістен қорқады деп санайды.
1969 жылы күзде Қапшағайдағы ГЭС құрылысы кезінде Іле өзеніне бөгет салынды.
Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп қазанның 2-сі күні Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығына кіріп, із-түссіз жоғалған саудиялық журналист Жамал Хашоггиге байланысты қорытынды жасауға асықпауға шақырды.
Facebook акционерлері компанияның бас директоры Марк Цукербергті төраға қызметінен алып тастау туралы ұсыныс жасады
Қырымның Керчь қаласындағы Политехникалық колледжге жасалған шабуылдан 19 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақаттанған.
Қырғызстан мен Қазақстан көлік блокадасының бір жылдығын кезекті "кішігірім соғыспен" атап өтті.
Халықаралық Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қытай үкіметі Шыңжаңда қамалған мұсылмандардың балаларын отбасынан алшақтатпай, жақындарына жіберу керек деп мәлімдеді. Қытай саяси лагерьлерді “жарнамалауды” үдетті.
Түрік билігі журналисті Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығында азаптап өлтіруі мүмкін дейді.
Сооронбай Жээнбеков президенттік сайлауда жеңіске жеткелі тура бір жыл өтті.
Таяу Шығыстағы соғыстың зардабы, Орталық Азия елдеріне тигізген әсері. Сирияға кеткендердің тағдыры - "Біздің атымыздан емес" жобасының кезекті хабарында.
АҚШ президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында жоғалған журналист Жамал Хашоггидің Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығы ғимаратында өлтірілгені расталса, Сауд Арабиясын "қатаң жаза" күтіп тұр деп мәлімдеді.
Қырғызстанда бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері арнайы тіркелмегендіктен тәңіршілдік идеясын таратып, іс-шаралар өткізе алмайтынына наразы.
Ахмат Қадыров атындағы қайырымдылық қоры игі істерімен көзге түскенді ұнатады: Шешенстан басшысының шамасы жетпей жатқан жерде анасы, қор төрайымы Аймани Қадырова көмекке келеді.
Сеул Токиодан жапон флотының туы болып есептелетін көтеріліп келе жатқан Күннің суреті бар жалауды әскери кемелеріне ілмеуді сұраған.
Қытайдан көшіп келген Болатбек Рақымбайұлы 80-ге таяған шешесінің Қытайдағы саяси тәрбиелеу лагерьлерінде отырғанын айтады.
Байқоңыр ғарыш айлағынан 11 қазан күні ұшырылған "Союз" ғарыш кемесінен ақау шықты. "Роскосмостың" хабарлауынша, кемеде "штаттан тыс" жағдай болған.
Тағы