27 ақпанда "Нұр Отан" партиясының съезінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мақтау айтылып жатқанда Астана мен Алматыда ондаған адамды полиция ұстады.
Қытай сегіз елдің БҰҰ-дағы өкілдеріне Шыңжаңдағы лагерьлерді көрсетті. Шыңжаңға барғандардың арасында БҰҰ-ның ресми өкілдері жоқ.
Ақпанның 25-і күні Қазақстанда жаңа үкімет тағайындалды. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған кандидаттарды депутаттар еш қарсылықсыз қабылдады. Қазақстан үкіметін енді Асқар Мамин басқарады.
Қазақстандық ең қымбат футболшының трансфердегі бағасы - 2,5 млн еуро. Ал әлемдегі ең қымбат футболшының құны - 200 млн еуро. (Инфографиканы дайындауға Төлепберген Маликов атсалысты)
Қазақстандықтар Бақытжан Сағынтаев басқаратын үкіметтің тарауын әлеуметтік желіде талқылап жатыр. Олар министрлер кабинетін таратуға себеп болған мәселелерге қатысты ой-пікірлерін айтып, келесі үкіметтің құрамы қандай болатыны жайлы болжам жасаған.
Душанбе Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымында болған содырлардың отбасы мүшелері - тәжікстандық әйелдер мен олардың балалары Отанына қайтқысы келсе қабылдайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Таяу Шығыстан елге қайтаруды жалғастыратынын айтқан.
Жаңаөзенде бір топ адам жұмыс талап етіп, әкімдік алдына жиналды. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өсе ме?
Көп балалы аналар жиыны жалғасып жатыр. Үкімет жастарға арналған баспана бағдарламасын ұсынды.
Әйел қатыгез немесе маскүнем ерін өлтіріп алған кезде, заң бойынша көбіне «Қажетті қорғану» бабын қолданылу керек. Бірақ тергеу немесе сот ісін қарау кезінде бұл бап ескерілмей қалады.
Астанада аналар әкімнің келуін талап етті. Шымкентте кейбір арызданушы әкім есебіне кіре алмады. Қазақстанда жүрген шетелдік құқық қорғаушылар депортацияланды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ирандағы терактіге АҚШ пен Израильдің қатысы туралы Тегеранның айтқан айыптауын үзілді-кесілді жоққа шығарды.
1994 жылы 14 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапарында Американың сол кездегі президенті Билл Клинтонға ядролық қаруларды жаппай таратпау келісімінің ратификацияланған құжаттарын тапсырды. Қазақстан осы күннен бастап ядролық қарудан бас тартқан ел болып есептеледі.
Белсенділік танытқан көп балалы аналардың үйіне полиция барған. "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің соты. Эколог Елеусізов жаңа партия құрмақ.
Ирандық фотограф Америка президенті Дональд Трамптың әлеуметтік желіде өз суретін рұқсатсыз қолданғанын сынады.
Министр Әбілқасымова өзіне қатысты айтылып жатқан сынға жауап берді. Ресейде "Қаһарлы ана" акциясына қатысқан әйел жазаланды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев отставкаға жіберген мемлекеттік қауіпсіздік қызметін басқарған Ихтиёр Абдуллаев тергеліп жатыр. Бұл туралы билік маңындағы дереккөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.
Ақтау қалалық сотының төрағасы қызметінен шеттетілді. Көп балалы аналар наразылығы жалғасып жатыр.
Венгрия үкіметі халық санын көбейту мақсатында бала тууды қаржылай ынталандыруды қолға алмақшы.
Ресейде үйқамақтағы белсенді Анастасия Шевченконы қолдаған акция өтті.
2006 жылы 11 ақпанда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі жоғалып кетті.
Тағы