Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасындағы теледебат мемлекеттік "Хабар" арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.
Екі жылға жуық уақыттан кейін Михаил Саакашвили Украина аумағына еркін кіріп-шығу мүмкіндігіне ие болды.
Ресейдің Сургут қаласында Сталин мүсінін орнататын жер іздеуге кірісті. Совет билігі тұсында жер аударылғандардың ұрпағы бұл бастамаға қарсы.
Қырғызстан социал-демократиялық партиясы саяси кеңесі елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың оққағары Дамир Мусакаевты бас бостандығынан айыру туралы сот үкімінің саяси астары бар деп мәлімдеді. Алайда кейбіреулер сот әділ үкім шығарды деп санайды.
Индонезия астанасы Джакартада мыңдаған адам екінші рет сайланған президент Джоко Видодоға қарсы наразылыққа шықты. Наразылық кезінде алты адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жараланған.
Өзбекстан бір аптадан астам уақыт шекарада бөгелген жүк көліктеріне ел аумағына кіруге рұқсат берді. Қырғызстаннан цемент әкеле жатқан жүзден астам көлікті өзбек жағы белгісіз себеппен шекарадан өткізбей қойған еді.
Өзбек-түркімен шекарасында түркиялық жүз шақты жүк көлігінің қаңтарылып тұрғанына үш аптадан асты деп хабарлайды түрік басылымдары.
Мамырдың 20-ы күні Украина парламентінде Владимир Зеленский халыққа адал қызмет етуге ант етіп, ел президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімінде сөйлеген Зеленский Жоғарғы раданы тарататынын айтты.
Мамырдың 19-ы күні кешкісін Тәжікстанның Вахдат аймағындағы түрмеде бүлік болып, 32 адам қаза тапты. Бұл туралы елдің әділет министрлігі хабарлады. Мерт болғандардың үшеуі – түрме қызметкері. Бүлік кезінде 29 жазасын өтеуші өлген.
Грузияның бұрынғы президенті Георгий Маргвелашвили қызмет өкілеті аяқталғаннан кейін саясаттан кетті. Өзі тұрғызған шағын үйді туристерге жалға беріп табыс тауып отырған ол меймандарға бақшасында өсірген жеміс пен көкөніс ұсынады.
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Ақтөбеде билік партиясынан президенттікке кандидаттың тегі мен сайлау ұрандары жазылған жейде киген оқушылардың қатысуымен өткен дайындықты мектеп басшысы "сайлаудан басқа" шараға әзірлік деп түсіндірді. Кандидаттың штабы бұл шараға қатысы жоқ екенін айтады.
Қазақстан жоғарғы соты президенттікке үміткерлерді іріктеу кезеңінде қазақ тілі сынағынан өтпей қалған Жұматай Әлиевтің тіл комиссиясы шешіміне қарсы түсірген арызын қанағаттандырмады. Сот шешімімен Әлиев те, оның адвокаты да келіспейді.
Ресейдің "Первый канал" арнасы "Голос Дети" шоуының нәтижесін жарамсыз деп жариялады. Кибершабуылдарды анықтаумен айналысатын Group-BI халықаралық компаниясы дауыс беру кезінде "ереже бұзылғанын анықтаған".
Мамырдың 16-сы күні Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар Тоқаев пен Назарбаев қатысып жатқан Астана экономикалық форумына келіп, ғимарат алдында билікке талаптарын айтты.
Мамырдың 16-сы түнде Алматы облысы Қарасай ауданындағы қоқыс полигоны өртеніп, қалаға түтін мен ыс иісі жайылды.
15 мамырда өткен Қазақстан мәжілісінің отырысынан соң цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 9 мамыр күні қатарында Азаттық радиосы бар бірнеше БАҚ пен әлеуметтік желінің бұғатталуына қатысты жауап берді.
Әлеуметтік желіде Өзбекстанның тәуелсіз баспасөз құралдарын қолдау қоғамдық қорының қамаудағы басшысының ел президентіне үндеуі жарияланды. Ол өзіне қарсы "алаяқтық" бабы бойынша қозғалған істі кәсіби қызметімен байланыстырады.
Мамырдың 9-ы күні Қазақстанда оннан астам сайт пен әлеуметтік желі бұғатталды. Әлемдегі интернет еркіндігін бақылайтын халықаралық NetBlocks тобының атқарушы директоры Альп Токер бұл жолғы бұғаттау жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-қимылды көрсетті деп санайды.
Тағы