Фотограф Амос Чаппл бұл суреттерді Түркіменстанға 2012 жылы жазда барғанда түсірген. Әлемдегі ең жабық елдердің біріндегі өмірді көрсететін суреттердің кейбірі алғаш рет жарияланып отыр.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа "тәртіпсіздіктер ұйымдастыру", "заңсыз қару айналымы", "тергеуге кедергі жасау", "кепілге адам алу", "кісі өлтіру" және "адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша айыптар тағылды.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде және Бішкектің Ала-Тоо орталық алаңына дейін жеткен көшедегі наразылықта ұсталғандардың басым бөлігі жастар екені анықталды. Олардың арасында жасөспірімдер де бар.
Алматыдағы адам құқықтары жөніндегі бюроға баспасөз жиынына барған журналистерге, соның ішінде Азаттық тілшілеріне жасалған шабуыл жайлы істі тергеуді билік әлі күнге "сөзбұйдаға салып отыр" деп мәлімдеді адвокат Айман Омарова.
Қарағанды облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде үш мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген адамдардың сүйектері табылды. Көне дәуірдің екі адамы бір молада құшақтары айқасқан қалпы бірге жерленіпті.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Тамыздың 10-ы күні академик Сахаров даңғылындағы митингіден кейін жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат алты жарым шамасында ОМОН және Росгвардия жасақтары "Китай-город" метро станциясы аумағында, Илья алаңы, Маросейкада серуендеп жүрген азаматтарды жаппай ұстай бастады.
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Осы аптада аймақ баспасөзі Жайық өзенінің күрделі ахуалы, көп балалы аналар мәселесімен шұғылданып жүрген қостанайлық белсендіге "заңсыз митинг ұйымдастырмақ болды" деп айып тағылғанын жазды.
Тамыздың 10-ы күні шымкенттік кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабай және павлодарлық "Версия" газетінің редакторы Ярослав Голышкиннің түрмеден босап шыққаны белгілі болды.
Шетелдік баспасөз осы аптада Қазақстанда қамауда қалған саяси тұтқындарды түгендеп, Нұр-Сұлтанның интернетті бақылау саясатын кідірткенін атап өтті, «рекордтық деңгейге» дейін құлдырауы мүмкін дәнді дақылдарды да сөз етті.
9 тамызда Владимир Путиннің билік маңына келгеніне 20 жыл толды.
Ұлыбритания құрамындағы Уэльсте уэльс тілі мәселелері бойынша арнайы комиссар жұмыс істейді.
8 тамызда Қырғызстан арнайы жасағы Кой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстады.
Қызылордада "әлеуметтік мәселемізді айтқан соң қысымға ұшырадық" деген екі ана үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына мәжбүрлеп жеткізуге барған билік күштеріне экс-президенттің жақтастары қарсылық танытып, қақтығыста арнайы жасақ өкілі мерт болды.
Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Кой-Ташта елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын ұйымдастырды.
Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі адам құқығы саласындағы проблемаларды шешуді кідіртпей қолға алуы керек деп санайды. Ұйымның атқарушы директоры Хью Уильямсон Ақордаға хатында билікті реформа жүргізуге шақырған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғам наразылығын туғызған даулы қауіпсіздік сертификатының сынақ болғанын, сынақтың тамыздың 7-інде аяқталатынын мәлімдеді.
Тағы