Қарашаның 10-ы күні Стамбулда Қытай азаматы этникалық ұйғыр Айеркен Саймаитиды атып өлтірді. Түркиядағы бұл қылмыс Қырғызстан қоғамында резонанс туғызды: бас консул қызметінен кетті, мұның соңы дипломатиялық жанжалға ұласуы да мүмкін.
Жемқорлықты әшкерелеумен айналысатын Global Witness үкіметтік емес ұйымы Сирия президенті Башар Асадтың туыстары Ресей астанасынан жалпы құны 40 млн доллар тұратын жылжымайтын мүлік сатып алған деп хабарлады. Асад отбасы бұл жайлы пікір білдірген жоқ.
Боливияны 2006 жылдан бері басқарып келген Эво Моралес елдегі жаппай наразылықтан кейін президенттіктен кететінін мәлімдеді.
Польша билігі Украинаның Донбасс аймағындағы соғысқа қатысқан украин ұлтшылы Игорь Мазурды Ресейдің сұрауымен Интерпол жариялаған халықаралық іздеу құжаты негізінде ұстады.
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.
Аймақ басылымы осы аптада Қазақстанның батыс өңірінде мұнайшылардың жалақы өсіруді талап етіп, президентке видеомәлімдеме арнап жазғанын, Оралда тәуелсіз бақылаушылар ұйымының тіркеуден өте алмай отырғанын жазды.
Украина Жоғарғы радасының экс-депутаты Олег Ляшко Киев әуежайында Украина президенті Владимир Зеленскийдің көмекшісімен шекісіп қалды. Ляшко бұған дейін де бірнеше адаммен төбелескен.
Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы IndustriALL одағымен бірігіп, кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабайды босату бойынша ғаламдық кампаниясын бастады. Бұл туралы қарашаның 8-і күні қазақстандық адам құқығын қорғау бюросы хабарлады.
Әлемдегі түрлі елдерде үкімет құрамында алмастыруға болмайтындай көрінетін әйтеуір бір адам кездеседі. Өзбекстанда ондай адам ретінде Зойир Мирзаевты атауға болады.
Мәскеу соты Ресейдің байырғы халықтарының құқығын қорғаумен айналысатын "Солтүстіктің байырғы аз халқына көмек орталығы" тәуелсіз ұйымын жапты. Ұйым жетекшісі Родион Суляндзига мұны биліктің құқық қорғаушыларға ашық қысым көрсетуі деп бағалайды.
7 қарашада Женевада Қазақстан БҰҰ құқық қорғау органында елдегі адам құқығының жағдайы бойынша есеп берді.
Өзбекстан шекарашылары шетелдік зерттеуші Евгений Бунинді елге кіргізбей қойды. Билік оның себебін түсіндірген жоқ. Бунин мұны қазір өзі зерттеп жүрген Қытайдағы ұйғырлар мәселесімен байланыстырады.
Әлемде мұздықтардың еруінен жаңа аралдар саны артып келеді.
Бакуде өткен рұқсат етілмеген митинг кезінде ұсталған әзірбайжандық оппозиция жетекшісі Тофик Якублу полиция қамауда отырғанда азаптауға ұшырағаны туралы сотта мәлімдеді.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің күйеу балалары Ойбек Турсунов пен Отабек Умаров елге дуадақ аулауға келген Дубайдың тақ мұрагері ханзадасы Хамдан бин Мұхаммед әл-Мактумды қонақ қылып күтті деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі.
Әлем елдері Қазақстанның БҰҰ-да жақында есеп беретін сәтін пайдаланып, адам құқықтарын жақсартуға уәде берген жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сөзінде тұруға көндіруі керек. Бұл жөнінде Human Rights Watch халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы қарашаның 4-і мәлімдеді.
Бір кезде Мәскеуге америкалық танкіге мініп келетінін айтқан ресейлік диссидент журналист Аркадий Бабченко Украинадан кетіп қалды. Ол бұл елде 2017 жылдың күзінен бері тұрып жатқан еді.
Түркіменстанда кардиолог жас жігіттің гей екені жайлы сұхбатынан кейін биліктің дәрігерлер арасында ЛГБТ өкілдері бар-жоғын тексеруге кіріскені туралы хабар тарады. Құқық қорғаушылар үкіметтен полиция шақырған соң хабарсыз кеткен жігіт жайлы ақпарат талап етіп отыр.
Осы аптада аймақ баспасөзі Оралда ортағасырлық тарихи қалашықтың қоқыс орнына айналып кеткенін, Маңғыстау облысында Солтүстік Бозащы кенішіндегі жұмысшылардың жалақыларын өсіруді талап еткенін жазды.
Тағы