Коронавирус әлем экономикасын тұралатты. Уханьнан бастап Бавария мен Мичиганға дейінгі өндіріс орындары қаңтарылып, миллиондаған адам жұмыссыз қалды. Енді азық-түлік мәселесі не болады?
Батыс Қазақстан облысында шамамен 17 мың адам саяжайда тұрады. Саяжайлар Орал қаласының шетінде. Көпшілігінде азық-түлік дүкені жоқ, ал үйден екі шақырымнан артық ұзауға болмайды. Азаттық оқшауланып қалған саяжай тұрғындарымен сөйлесті.
Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылының (Ақын Қалқа ауылы деп те аталады) мұғалімі карантин кезінде түнделетіп интернет үшін сіңілісінің үйіне барып Kundelik.kz сайтына кіретінін айтып шағымданды. Ол “кедей елдің кедей мұғалімімін” деген еді. Бір күннен соң мұғалім осы сөзі үшін кешірім сұрады.
Коронавирус елдімекендерді интернетпен қамту мен жылдамдырығын күшейту мәселесі әлі күнге шешілмегенін көрсетті. Білім министрлігі жоспарлаған онлайн сабақ өтпей қалды. Әлеуметтік көмекке керек құжаттарды қабылдайтын ресми сайттар қимылсыз қалды.
8 сәуірде Лондонның Жоғарғы соты Қазақстан сенатының спикері Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиевтің Лондондағы қымбат үйлеріне қойылған ордердің күшін жойды.
Эпидемияның тарауы құрбандарды жоқтау, жерлеу рәсіміне ғана емес, адамдардың бір-бірін жұбатуына да өзгеріс әкелді. Кейбір жоралғылар виртуалды түрде атқарылып жатыр.
Лондонның Жоғарғы соты 8 сәуірде “шығу төркіні белгісіз байлыққа алынған үш жылжымайтын мүлікті” бұғаттау ордерінің күшін жойды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты жаппай тексерістен өткізу - коронавирустың таралуын тоқтатудың тиімді жолдарының бірі деп есептейді. Осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырған 700 науқас тіркелген Қазақстанда мұндай тестен өту оңай емес
Ұлыбританиялық 39 жастағы Карен COVID-19 дертінен айықты. Оның аяғы ауыр. Өзі және баласы дін аман.
Карантин жарияланып, жүріс-тұрыстың шектелуі кедей шаңырақтарға қиын тиген. Бұрынғы совет одағы елдерінде ресми жұмысы жоқтардың көбі табысынан қағылған, кейбірі баспанасынан айырылған. Көмек беруі тиіс қайырымдылық ұйымдары да жабылып жатыр.
Мұнай бағасының төмендеуі мен коронавирустің кесірінен туған дағдарыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр? Дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін бе? Теңге бағамы қалай болады? Осы және өзге десұрақтарды Азаттық Ekonomist.kz онлайн жобасының авторы, экономист Қасымхан Қаппаровқа қойып көрді.
Коронавирус індеті кезінде әлемнің алпауыт елдері арасында ақпарат соғысы жүріп жатыр. Әсіресе, Қытай мен Ресейдің пропаганда машинасы батыс елдерін айыптауын үдеткен. АҚШ сенаторы Қытайдың әрекетін «коронавирус індетін пропоганда қоқысына» айналдырды деп айыптады.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 660-тан асты. Ал әлемде 1,2 миллионнан аса адамнан вирус табылып, 70 мыңнан астам адам қайтыс болды. Қазақстандағы және әлемдегі жағдайды шолып шықтық.
Коронавирус жайлы жұртты мазалаған тағы да бірнеше сұраққа жауап береміз. Сұрақтарға жауап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Италия денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері негізінде дайындалды.
Қырғызстан азаматы, Испанияда оқитын Елдос Оразбеков коронавирус жұқтырып, соңынан сауығып шыққан. Ол ауру белгілерінің қандай болатынын, дәрігерлер қанша тест алғанын, қандай дәрі ішкенін айтады және Испания емханаларындағы ахуалды сипаттайды.
30 наурызда Қазақстанда алты қала: Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қаласы карантинге жабылды.
Коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкендер көбейді. Қашықтан жұмысты қолайсыз санайтындар да, болашақта қашықтан жұмыс істеуге көшу керек дейтіндер де бар.
Бұл видео 3-8 жастағы балаларға арналған. Бала тілімен үйде отыру не үшін маңызды екенін бүлдіршіндерге бірге түсіндірелік.
COVID-19 коронавирусын жұқтырғандардың көбі өзінде вирус барын білмейді және өзгелерге де таратып жүргенін сезбейді. Дәрігерлер пандемия кезінде далаға шықпай, қарым-қатынасты шектеу маңызды екенін айтады.
Тағы