Нұр-Сұлтанда митингіге келген бір адамнан полиция "Диктатура режимі құрысын" деген жазуы бар плакат тәркілеп, өзін көлікке салып әкетті. Қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев ештеңе көрмегенін айтты.
Қазақстан билігі қуғындағы оппозиционер Мұхтар Әблязов шақырған митингіні өткізбеуге күш салды. Көшелереді жауып, алаңдарды қоршады және адамдарды наразылық болатын маңға жақындатпады. Кедергіге қарамастан Алматыда бірнеше адам талабын айтып үлгерді.
Мұхтар Әблязов митингіге шақырған күні Қазақстан қалаларында күзет күшейді. Наразылық басталмай тұрып бірнеше белсенді ұсталды. Оппозициялық саясаткер билік әрекетін "қорқыныш" деп атады.
Санкт-Петербургте бір топ суретші Беларусьте президент сайлауынан соң наразылыққа шығып жүрген шерушілерді қолдап, мурал салды. Олар полицияның көзіне түспеу үшін түнде жұмыс істеген.
Австралия стратегиялық саясат институтының (ASPI) Шыңжаңдағы лагерьлер жайлы ең үлкен карта жариялады. Әр деңгейдегі лагерьлер қалай салынған және олар жайлы не белгілі?
Елде митинг қарсаңында белсенділерді "қудалау жалғасып жатыр". Қазақстанда құс тұмауы өршіп барады. Жеті облыста 220 мың қаз-үйрек, тауық өлген. Қытайдың Шыңжаң аймағында кемі 380 саяси лагерь бары анықталды.
Австралиялық зерттеушілер Қытайдың Шыңжаң өлкесінде лагерьлер саны артқанын анықтап отыр. Бұған дейін Пекин Шыңжаңдағы "тәрбиелеу орталықтарында" ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылмандар қалмады деген еді.
Азаттық Қытайдың Шыңжаң аймағындағы жағдай туралы кейінгі уақытта жарияланған ең танымал зерттеулердің авторы, Вашингтондағы коммунизм құрбандары мемориалдық қорының аға ғылыми зерттеушісі Адриан Зенцтан сұхбат алды.
Александр Лукашенконың кезекті анты. Беларусь президенті халықтан жасырынып инаугурация өткізді. Жаңа заң Қазақстан шаңырақтарындағы зорлық-зомбылықтың азаюына ықпал ете ме? Көп балалы әйелдер наразылығының белсендісі қамалды.
30 күнге қамалған белсенді абақтыда аштық жариялады. Құқық қорғаушы "билік ондайларға өлсе де назар аудармайды" дейді. Қазақстанда былтыр және биылғы жеті айды салыстырғанда қайтыс болғандар саны күрт көбейген. - Австралия жағалауында кит қырылып жатыр.
25 қыркүйекке белгіленген митинг жақындаған сайын ұсталған, ескерту алған белсенділер көбейді. Беларусьте Лукашенконың кетуін талап етіп жүз мың адам алаңға шықты.
Оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жұртты митингіге шақырған соң белсенділер ұстала бастады. Жедел жәрдем қызметкерлері президент Тоқаев уәде еткен үстемақының тұрақты берілмегеніне наразы. Еуропарламент Александр Лукашенконы "қарашадан бастап Беларусь президенті ретінде мойындамайды".
Қазақстанда құс тұмауы анықталды. Мыңдаған қаз-үйрек, тауық өртелді, 7 аудан карантинге жабылады. StopMusor! Өнерпаз билік пен халықты қоқыс тастамауға, тазалыққа шақырады; Навальный әуежайда емес, одан бұрын қонақ үйде уланған болуы мүмкін.
Беларусьтегі наразылық кезінде жұрт полицияның қатігездігіне әнмен жауап беріп жүр. Наразылар салған әнде бостандық, бейбітшілік, еркіндік, бақыт жайлы көп айтылады.
Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар "міндетін дұрыс атқара алмай отырған" парламентті түбірімен реформалау керек дейді. Нұр-Сұлтанда Жоғарғы сот пен Бас прокурорды жауапқа тартуды талап етті. Қытайдың саяси лагерінде еріксіз жұмыс істегендер һәм АҚШ санкциясы
Тағы