Кісі қолынан қаза тапқан Жанболат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. Беларусь халқы билікке наразы болам деп ажал құшқан жас жігітті аза тұтып жатыр.
Президент міндетін атқарушы Садыр Жапаров сайлау заңнамасына парламентке өту шартын жеңілдететін өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қол қойды. Жогорку кенеш депутаттары бұл өзгерістерді 5-6 қазанда өткен наразылықтан кейін қабылдаған.
Ресей араағайындығымен 9 қарашада Армения мен Әзербайжан бітім келісіміне қол қойған соң Мәскеу бейбітшілікті бақылау үшін Таулы Қарабаққа бітімгер күштерін жіберетін болды. Ресей бітімгерлері Совет аймағындағы қақтығыс ошақтарына бұрын да жіберілген, олардың нәтижесі де әркелкі.
Жанболат Ағаділдің өліміне күдіктілер ұсталды. Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 15 жыл. Билікті сынаушы блогер-журналист психдиспансерге жатқызылады. Нұрқаділовтің жұмбақ қазасы: https://www.youtube.com/watch?v=ipsS16jufuY
Нұр-Сұлтанда марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболатты пышақтап, өлтіріп кетті. Коммунстік партия атын өзгертті. Демпартия пикет өткізді. Тәуелсіз ұйым Қазақстан билігі карантинде "шектен шыққанын" мәлімдеді.
10 қарашада Ереванда наразылар Армения парламентінің ғимаратына басып кірді. Олар Армения, Әзербайжан және Ресейдің Таулы Қарабақтағы қақтығысты аяқтау келісіміне қарсы шықты. Бұл келісімге сай, Таулы Қарабақтың біраз бөлігі Әзербайжанға өткен.
Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату келісіміне әзербайжандар қуанып, армяндар ашуланды. Қытайға қайтармауды сұраған қазақ Украина астанасы Киевте қамалып отыр. Коронавирус індеті өршіген тұста ауырғандарды тегін емдегені үшін емхана айыпты болды.
Қазақстан коронавирусқа қарсы дайындап жатқан бір вакцинаға NARUVAX деген ат берді. Шымкент мұғалімдері мектеп әкімшілігі ақша жинай беретінін айтып, президентке үндеу жолдады. Беларусь халқының билікке қарсы наразылы үш айдан асты. Лукашенко да кетпей отыр.
АҚШ-тың жаңа сайланған вице-президенті Камала Харрис саяси карьерасын Калифорниядағы қылмыскерлерді іздеуден бастаған.
АҚШ президентін әлі анықтамады. Дауыс саналып жатыр. Трамп қарсылас тарапты айыптады, Байден сабырға шақырды. Қазақстанда парламент сайлауы қалай өтеді? Бойкот жариялауға шақырғандар не дейді? Тәуелсіз ұйым Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 3 миллионға жуық болды деп болжайды.
АҚШ-та тұратын қазақстандықтар Азаттыққа белсенді сайлаушылар, саяси науқанға қатысты қызу талқы мен сайлау нәтижесі жаппай тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін деген қауіп туралы әңгімелеп берді.
4 қарашада Дания премьері Метте Фредериксен күзен популяциясының 17 миллионға қысқартылатынын мәлімдеді. Билік бұл қадамға күзендерден Covid-тің адамға жұғуы мүмкін жаңа штамы анықталған соң барып отыр.
АҚШ-та сайлау аяқталғанына екі күн болды. Президент әлі анықталмады. Қазақстанда парламент сайлауы жақындағанда "Бірлік" партиясы атауын өзгертті. Қамаудағы экс-министр Біртановқа әріптестері араша сұрады.
АҚШ-тағы президент сайлауында дауыс санау әлі аяқталмады. Қырғызстанда жеті адам президенттікке кандидат болғысы келеді. Жемқорлық дауына мүшелері көп ілігетін Nur Otan партиясының жауапкершілігі қандай?
АҚШ-та президент сайлауы басталды. Халық кімді қалайды? Республикашыл Трампты ма, демократ Байденді ме? Алматының "Арбатында" пикет өткізген белсенді 10 қаңтардағы парламент сайлауына бойкот жариялауға шақырды. Марқұм белсенді Дулат Ағаділ асына қатысқан діндар биліктен қуғын көрдім дейді.
Тағы