Сенбі күні кешке Вильнюс әуежайы әуеде шарлардың пайда болуына байланысты жұмысын бірнеше сағатқа тоқтатты. Бұл жөнінде Литваның ұлттық радио және телевизиясы хабарлады. Шектеулер шамамен 30 рейс пен 6 мың жолаушыға әсер етті.
Дағдарыс жағдайын басқару ұлттық орталығының өкілі әуе кеңістігін 25 метеозонд бұзғанын, әдетте мұндай шарларды "контрабандашылар жіберетінін" айтты. Шарлар Беларусьтан ұшып келген деп айтылады. Шамамен 13-і Вильнюс пен Вильнюс уезінде байқалған, екеуі әуежай маңында көрінген. Литва аумағына жалпы қанша шар құлағаны айтылмайды.
Мемлекеттік шекара күзеті қызметінің мәлімдеуінше, бір түнде шекарашылар жеті шарды анықтаған – онда 12 мың темекі қорабы болған. Бұл жөнінде BNS жазды. Полицейлер қалған шарлар құлауы мүмкін орындарды тексеріп жатыр.
Биліктің хабарлауынша, биыл әуеде жалпы саны 501 шар тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.