Алғы шептегі өмір

Украина әскерінің бақылау пункттерінде тексеруден өткен қоғамдық ұйым өкілдері Попасная ауданындағы Выскрива ауылына келді. Село қақтығыс өтінде орналасқан. 

Выскривада қазір бірнеше адам ғана қалған. Ауылда дүкен, медициналық пункт жоқ.  

Бұл ауылда соғыстан қалған белгі көп. 

Мұндағы адамдарға қоғамдық ұйым өкілдері гигиеналық заттар мен су сүзгілерін әкелді. Гуманитарлық көмек - бұл аумақта қалған аз ғана адамның өмірін сақтап тұрған маңызды фактор.

Ауылда егде адамдар ғана қалған. Жастар жоқ. 

Попасная ауданындағы жолдар соғыстан хабар береді. Соның бірі - осы көпір. Жолаушылар автобустары бұл жерге келгенде адамдарды түсіріп, қауіпті жерден өткен соң, қайта отырғызады.  

Соғыс кезінде Попасная қаласында 45 бейбіт тұрғын қаза тапты. Көптеген тұрғындар басқа қалаларға кетіп қалды. Мұнда сепаратистер басып алған аудандардан қашып келген босқындар да тұрып жатыр.  

Босқындар "гуманитарлық көмек болмаған жағдайда күндерін қалай көретіндерін білмейтіндерін" ашық айтады. 

Поляк халықаралық көмек орталығы мен "Украина шебі" қоғамдық ұйымы өкілдері Халықаралық миграция ұйымы бағдарламасы аясында жұмыс істейді. Еріктілер көмекке мұқтаж отбасыларды мұқият іріктейтіндерін айтады. Бұл жолы көмекке мұқтаж 1 400 адам анықталған.  

Попасная тұрғындары көмек алуға балаларын да ертіп келеді.  

Попасная қаласының орталық алаңы. Тұрғындар "сепаратистердің оккупациясынан кейін мұндағы жұрт Украинаны жақтайтын болды" дейді.  

Золотое ауылында қалып кеткен бірнеше тұрғынның бірі. 

Украинаның шығысындағы Луганск облысында жағдай әлі күнге шиеленіскен күйінде қалып отыр.