АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық үкіметтің жұмысы тоқтауы мүмкін екенін ескертті, бірақ оған жол бермеу мүмкіндігі де бар деді.
АҚШ-та қаржылық жыл 1 қазаннан басталады. Бірақ бюджет әлі күнге дейін бекітілген жоқ. Егер Конгресс қаржыландыру туралы уақытша резолюция қабылдамаса, федералдық ведомстволар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.
Reuters мәліметінше, америкалықтарға медициналық көмек көрсету бағдарламасы жобасы кедергі болып отыр. Оның мерзімі жылдың соңында аяқталады, бірақ демократтар оны ұзартуға күш салып жатыр.
АҚШ-та соңғы рет шатдаун 2018 жылы Трамптың бірінші мерзімінде болған және 35 күнге жалғасты. Бұл ел тарихындағы ең ұзақ шатдаун.