Тбилисиде наразылар президент сарайын басып алуға тырысты

Наразылардың қоршауды бұзып, сарайдың ауласына басып кірген сәті. 4 қазан 2025 жыл.

Тбилисиде наразылар президент сарайын басып алмақ болды деп жазды "Эхо Кавказа". Қоршау бұзылып, наразылардың бір бөлігі сарайдың ауласына кіре алған.

Арнайы жасақ бұрыш спрей, жас ағызатын газ пайдаланып, су шашты. Полицейлер ғимаратты басып кіруге дайын болмаған, олар қосымша күш шақырды. 16 полиция қызметкері түрлі дәрежеде жарақат алған.

Грузияда 4 қазанда жергілікті атқару органының сайлауы өткен. Оппозиция күштері сайлауға бойкот жариялады. Арасында бұрынғы президент Михаил Саакашвилидің партиясы да бар. Оппозицияның бір бөлігі "билікті бейбіт түрде құлату үшін" Тбилиси орталығына жиналатынын жариялады.

Акцияны ұйымдастырушы, опера әншісі Паата Бурчуладзе Тбилиси орталығындағы Еркіндік алаңында биліктің заңсыз екенін мәлімдеп, билік "халықтың қолына өткенін" айтты. Еуроодаққа қосылу бойынша диалогтың қайта қалпына келтірілгенін мәлімдеді.

Оппозицияда жүрген Грузияның бұрынғы президенті Саломе Зурабишвили Тбилисидің орталығындағы наразылардың әрекетін "арандатушылық" деп атады. Әлеуметтік желіде ол оқиғаны "президент сарайын басып алудың пародиясы" деп атады.

  • Биліктің "Имеди" телеарнасы жариялаған экзитполға сәйкес, Каха Каладзе Тбилиси мэрі сайлауында 77,4 пайыз дауыс алған, "Грузин арманы" Тбилисиде – 76 пайыздан астам дауыс жинаған. Премьер Ираклий Кобахидзе дауыс беру аяқталғанға дейін барлық жергілікті және қалаларда басқарушы партиясы жеңіп жатқанын айтты.