Қырғызстан президенті өлім жазасын қайтаруға қатысты референдум өтуі мүмкін екенін айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өлім жазасын қылмыстық заңнамаға қайтару бойынша референдум өтуі мүмкін екенін айтты. Ол бұл жөнінде мемлекеттік "Кабар" агенттігіне сұхбатында мәлімдеді.

Осы апта ортасында Жапаров өлім жазасын қылмыстық заңнамаға қайтаруды тапсырған. Мұндай бастама Ыстықкөл облысында 17 жастағы бойжеткеннің өлімінен кейін айтылды.

Қылмыс қырғыз қоғамында резонанс туғызып, әйелдердің қорғансыздығы туралы пікірталас болды. Бұған қоса, милицияның әрекетсіздігі де айтылды. Осы тұста президент Жапаров тергеуді жеке өзі бақылауға алатынын мәлімдеді.

Қырғызстанда соңғы рет өлім жазасы 1998 жылы орындалған. 2021 жылғы Конституция мұндай жазаның қолданылмайтындығына кепілдік береді.