АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым деп танылған ХАМАС тобы Газа секторында жиһадшылардың қолында қалған тұтқындардың суреттерін жариялады.
Әрбір суретке "Рон Арад 2", "Рон Арад 3" деп жазып қойған. Рон Арад – 1988 жылы Ливанда із-түзсіз жоғалған израильдік ұшқыш. Рон Арадтың өзінің суреті бірінші нөмірмен тұр.
ХАМАС хабарламада премьер-министр Биньямин Нетаньяху келіссөзден бас тартқандықтан "қоштасу суреттерін" жариялап отырғанын ескерткен.
Топтың хабарламасында тұтқындар Газа секторының әр жеріне орналастырылғанын айтып, "олар сендер бомбалайтын кез келген жерде болуы мүмкін" деп жазып қойған.
Израиль билігінің мәліметінше, ХАМАС-тың қолында 48 тұтқын бар: 47-сі –2023 жылы 7 қазанда тұтқындалған, бұған қоса 2014 жылы қаза болған бір сарбаздың мәйіті бар. Тұтқындардың 20-сы тірі.